Азаматтар кез келген нормаға қарсы болса, Конституциялық Сотқа жүгінетін болады – Сенат төрағасы

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президент телерадио кешеніне берген сұхбатында 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған Конституциялық Сот туралы нормалардың маңызына тоқталды. Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциялық реформаның аясында мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі ашылып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Мысалы, нақты нормаларды айтайық. Бүгінде азаматтар мемлекеттік органдардың бұйрықтарына немесе заң нормаларына, мемлекеттің нақты бір шешімдеріне наразы болса, ол нормалар мүддемізге қайшы келеді деген пікір туындап жатса, жалпы өтініштер сияқты сотқа беру керек. Яғни, процедурасы ұзақ. Қазір осы реформалардың аясында Конституциялық Сот құрылып жатыр», – деді Сенат төрағасы. Сенат спикерінің айтуынша, жалпы ұсынылып отырған конституциялық реформа халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына жол ашпақ. «Конституциялық Соттың негізгі функциясы азаматтардың билік өкілдерінің шешімдеріне наразылығына сот ретінде бағасын беру, шешім қабылдау. Осындай басқа да көптеген нормалар бар», – деді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» – 12:45-те, «Qazaqstan» – 16:05-те, «Qazaq TV» – 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.

https://www.inform.kz/kz/azamattar-kez-kelgen-normaga-karsy-bolsa-konstituciyalyk-sotka-zhuginetin-bolady-senat-toragasy_a3938730
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» – ақпарат фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын!»,– деп жазды Нұртөре Жүсіп. ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ». Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі.

https://www.inform.kz/kz/referendumda-kazak-zhane-orystildi-halyk-sany-esepteledi-akparat-feyk_a3938839
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Заңдардың Сенатта қаралу уақытын қысқартып, өңірлердің мүддесіне негізгі басымдық береміз – Мәулен Әшімбаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық реформалар Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз конституциялық өзгерістерден кейін палатаның жұмысын әрі қарай жаңғырту мәселесімен де айналысамыз. Мысалы, заңдарды қарау уақытын қысқарту керек. Кейбір заңдарды жылдам қарау керек. Кейбір керек жоқ сатыларды азайтамыз. Мұның бәрі алдағы жұмыстар. Ол жұмыстардың нақты нәтижесі заңдарды қарау уақыты қысқарғанымен, сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл да осы реформалардың нақты нәтижесінің бірі деп қарау керек», – деді Мәулен Әшімбаев ҚР Президент тетерадиокешеніне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық реформада Сенатқа бірнеше жаңа құзырет берілмекші. «Конституциялық Соттың төрағасын Президенттің тағайындауына келісім беру құзыреті бар. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасын тағайындауға да Президентке келісім беру Сенатқа жүктеледі. Бұлар – Сенаттың осы бағыттағы құзыретін арттыратын шешімдер. Жалпы осы реформаның аясында Сенаттың рөлі де артады, жаңа құзыреттер беріліп, әрі қарай Сенат өңірлердің мүддесін жүргізетін негізгі институт болады деп ауыз толтырып айта аламыз», – деді Сенат спикері. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» – 12:45-те, «Qazaqstan» – 16:05-те, «Qazaq TV» – 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр

https://www.inform.kz/kz/zandardyn-senatta-karalu-uakytyn-kyskartyp-onirlerdin-muddesine-negizgi-basymdyk-beremiz-maulen-ashimbaev_a3938750
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Әлеуметтік сауалнама: Президенттің референдум өткізу туралы идеясын қазақстандықтардың 84%-ы қолдайды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді.

Зерттеулер Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және бүкілхалықтық дауыс беру күні жақындаған сайын референдумның ел өміріндегі маңыздылығын түсінудің артқанын көрсетті.

Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.

Қазақстандықтардың 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.

Әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын референдум өткізу туралы идеяны қолдаудың жоғары деңгейі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталған болатын – 73% (3-5 мамыр); 72,01% (17-19 мамыр).

https://ortcom.kz/kk/novosti/1653904492
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Идею Президента о проведении референдума поддерживают 84 % казахстанцев

Службой центральных коммуникаций при Президенте РК с 24 по 29 мая текущего года был проведен очередной онлайн-опрос по вопросам предстоящего референдума.

Исследование показало рост поддержки деятельности Главы государства и понимание важности референдума в жизни страны по мере приближения даты всенародного голосования.

Так, по результатам социологического опроса 83,92% казахстанцев поддерживают предложение Главы государства о проведении референдума по поправкам в Конституцию. Это на 12% превышает показатели предыдущего исследования, проведенного СЦК в середине мая текущего года.

86,86% опрошенных казахстанцев знают о том, что голосование состоится 5 июня текущего года. Уровень информированности населения повысился на 8%.

76,51% казахстанцев намерены принять участие в голосовании.

Как показал опрос, 79,10% казахстанцев поддерживают предложенный пакет конституционных поправок. Еще выше шкала поддержки политического курса Главы государства – 80,04% солидарны с реформами Президента К.К. Токаева.

Социологический опрос был проведен среди 1200 казахстанцев в возрасте от 18 лет и старше с охватом всех 17 регионов страны.

Напомним, ранее высокий уровень поддержки идеи о проведении референдума был подтвержден результатами опросов, проведенных Службой центральных коммуникаций при Президенте РК – 73% ( 3—5 мая); 72,01% (17-19 мая).

https://ortcom.kz/ru/novosti/1653904492
Рубрика: Архив | Оставить комментарий