Отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстанда ЖЖМ бағасын реттеу шаралары

*Отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстанда ЖЖМ бағасын реттеу шаралары*ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті:– жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды; – ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды; – мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық, – деп атап өтті Энергетика министрі.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Көршілес елдердегі ЖЖМ бағасы Қазақстандағы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді

*Көршілес елдердегі ЖЖМ бағасы Қазақстандағы экономикалық жағдайға қалай әсер етеді*ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше). Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, – деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстандық дизель: шетелде қайта сатудан түсетін табыс 120%-ға дейін жетеді

*Қазақстандық дизель: шетелде қайта сатудан түсетін табыс 120%-ға дейін жетеді*Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары. Болат Ақшолақов атап өткендей, Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстан өңірлеріндегі дизель отынының тапшылығы: себептері мен салдары

*Қазақстан өңірлеріндегі дизель отынының тапшылығы: себептері мен салдары*Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт. Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша).ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат – литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық – 101 пайыз.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

*Қазақстандық жанар-жағармай нарығы: дизельдік отын тапшылығын жою*

Қазақстандық жанар-жағармай нарығы: дизельдік отын тапшылығын жою

Энергетика министрі атап өткендей, өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық.
Осы орайда, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий