Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне сенім жоғары деңгейде сақтала отырып, 85,7%-ды құрады.

Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш.
Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың Президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр.
Халықтың Мемлекет басшысына деген жоғары сенімі мемлекеттің даму бағытын жоғары деңгейде қолдауымен тығыз байланысты. Мемлекеттің даму бағытына да халықтың басым бөлігі қолдау білдіріп отыр. Атап айтқанда 81,5% қазақстандық мемлекет дұрыс бағытта дамып отыр деп санайды.
Елдің даму бағытын қолдайтындардың әлеуметтік-демографиялық портреті Президентке сенім білдіретін қазақстандықтардың портретіне ұқсас.
Мысалы, 18-29 аралығындағы жастар мемлекеттің даму бағытын ең жоғары деңгейде қолдайтын топты құрайды. Олардың 85,4%-ы мемлекет дұрыс бағытта дамуда деп санаса, бұл көрсеткіш жас шамасы ұлғайған сайын төмендей түседі. Көрсеткіш төмендегеніне қарамастан, ол бәрібір жоғары деңгейде сақтала отырып, жасы ең үлкен респонденттер тобында 76,9%-ды құрайды (60 жастан асқандар).
Президентке сенім білдіретіндер арасында білім деңгейі бойынша жоғары білімділер ең жоғары көрсеткішті құраса, Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп санайтындардың да ең жоғары үлесі жоғары білімді азаматтар арасында тіркеледі (86%).
Жалпы алғанда, Президентке деген сенім деңгейіне де, елдің даму бағытын қолдау деңгейіне де әсер ететін негізгі факторлар ретінде респонденттердің жас ерекшелігі мен білім деңгейі анықталып отыр. Сонымен қатар, бір қызығы, зерттеу нәтижелері Президентке деген сенім мен елдің даму бағытын қолдауға қатысты ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында елеулі айырмашылықтар жоқ екенін көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері елдің әлеуметтік-саяси даму бағытын барынша оң бағалайтын азаматтардың әлеуметтік санатын анықтауға мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік бастамаларды одан әрі ілгерілетудің әлеуетті тірегі бола алады. Бұл санатты жас қазақстандықтар мен жоғары білімді азаматтар құрайды. Респонденттердің жынысы мен тұрғылықты жері (ауыл/қала) айтарлықтай әсер ететін фактор ретінде қарастырылмайды.
Мұндай үрдіс жастар арасында мемлекетке институционалдық сенім деңгейінің жоғары екенін, қазіргі қоғамдық-саяси күн тәртібіне көбірек қызығушылық танытатынын, сондай-ақ олардың елдің одан әрі өзгеруі мен дамуына қатысты үміттерінің жоғары екенін көрсетуі мүмкін.
Елдің қазіргі даму бағытын қолдайтын азаматтар арасында жоғары білімділердің басым болуы эмоционалды сенімнен рационалды сенімге көшуді көрсетеді. Азаматтар нақты оң өзгерістерді көріп, реформалардың нәтижелерінің өз өмірлеріне жағымды әсерін сезінгендіктен Президенттің бағытын қолдайды.
Президентке деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі мен елдің даму бағытына берілген оң бағаның үйлесуі қоғамдағы жоғары деңгейдегі консолидацияны, әлеуметтік оптимизмді және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың әлеуетін көрсетуі мүмкін.
https://instdem.kz/saualnama_natigeleri

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді отключены

8,5 млн электронных справок и 5,6 млн онлайн-записей: цифровизация упростила получение медпомощи в Казахстане

Миллионы казахстанцев уже используют цифровые сервисы в сфере здравоохранения. Электронные справки, запись к врачу онлайн и современные цифровые решения помогают сделать получение медицинской помощи более удобным, быстрым и доступным для граждан.

В 2025 году в системе здравоохранения Казахстана оказано более 215 млн медицинских услуг, из них 190,8 млн, или 88,6%, предоставлены в электронном формате.

Одним из заметных результатов цифровизации стал переход медицинских документов в электронный формат. Сегодня оцифровано 12 видов медицинских справок, пять из них оформляются исключительно онлайн. За 2025 год гражданам выдано более 8,5 млн электронных медицинских справок — это в 2,2 раза больше, чем годом ранее.

Все больше жителей страны используют возможность записаться к врачу через цифровые сервисы. В 2025 году онлайн-записью воспользовались 5,6 млн граждан, что позволяет планировать посещение специалистов без дополнительных обращений в регистратуру.

Цифровые решения также помогают сокращать сроки ожидания важных диагностических исследований. Например, время ожидания ПЭТ/КТ удалось сократить с трех месяцев до двух недель.

Следующим этапом развития цифрового здравоохранения станет расширение возможностей раннего выявления рисков для здоровья. С 2026 года планируется обеспечить цифровое сопровождение ключевых групп населения, включая более 7 млн детей до 18 лет, около 5 млн женщин фертильного возраста и 400 тыс. беременных женщин.

Это позволит своевременно выявлять возможные риски, усиливать профилактическую работу и повышать качество медицинского наблюдения.

В дальнейшем планируется запуск новых цифровых сервисов: единого графика приема врачей по принципу онлайн-бронирования, портала e-Health и мобильного приложения для граждан, медицинских работников и организаций. Также будут развиваться инструменты обратной связи и подтверждения факта получения медицинской услуги.

Кроме того, продолжается перевод медицинских справок в полностью цифровой формат.

Цифровизация здравоохранения направлена на то, чтобы сделать медицинскую помощь более доступной, удобной и ориентированной на потребности каждого гражданина.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1271175?lang=ru
Рубрика: Архив | Комментарии к записи 8,5 млн электронных справок и 5,6 млн онлайн-записей: цифровизация упростила получение медпомощи в Казахстане отключены

8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу: цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті

Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде.

2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды.

Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі – медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Ел тұрғындары дәрігердің қабылдауына цифрлық сервистер арқылы жазылу мүмкіндігін барған сайын жиі пайдалануда. 2025 жылы онлайн жазылу қызметін 5,6 миллион азамат қолданды. Бұл мамандардың қабылдауын тіркеу бөліміне жүгінбей-ақ алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдер маңызды диагностикалық зерттеулерді күту мерзімін де қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту уақыты үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

Цифрлық денсаулық сақтауды дамытудың келесі кезеңі денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. 2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі 7 миллионнан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 миллион әйел және 400 мың жүкті әйел бар.

Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және медициналық бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта онлайн брондау қағидаты бойынша дәрігерлердің бірыңғай қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтарға, медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар кері байланыс тетіктері мен медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растау құралдары одан әрі дамытылады.

Бұдан бөлек, медициналық анықтамаларды толықтай цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді, ыңғайлы әрі оның қажеттіліктеріне бағдарланған ету.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1271175?lang=kk
Рубрика: Архив | Комментарии к записи 8,5 млн электрондық анықтама және 5,6 млн онлайн қабылдауға жазылу: цифрландыру Қазақстанда медициналық көмекті алуды жеңілдетті отключены

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

Табиғатты таза ұстау – үлкен іс емес, күнделікті әдет. Қоқысты жерге тастамаңыз, демалған жеріңізді жинап кетіңіз, айналаңызға жанашыр болыңыз.

Таза көше, таза аула, таза қала – бәрі өзімізден басталады. Бір кішкентай әрекет үлкен өзгеріске себеп болады.

ТазаҚазақстан

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады! отключены

Тазалық – күнделікті өмір салты.

Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қоқысты арнайы орындарға тастау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.

ТазаҚазақстан

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Тазалық – күнделікті өмір салты. отключены