Қазақта өлім жазасының орнына «құн төлеу» болған – Жеміс Тұрмағамбетова

Халқымызда өлім жазасының орнына «құн төлеу» жазасы болған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова айтып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде өлім жазасының күші жойылды. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен Қылмыстық атқару кодекстеріне түзетулер енгізіле бастады. Мен осыны Президент Тоқаевтың гуманитарлық актісі және гуманитарлық миссиясы деп айтар едім. Сондай-ақ соңғы жылдары елімізде өлім жазасы түрінде жазаға әкелуі мүмкін қылмыстардың саны азайғанын ерекше атап өтер жайт. Жалпы мен 1995 жылдан бері Қазақстанның Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу және елімізде өлім жазасын жою мәселесімен айналысып келемін», – деді спикер. Ол сондай-ақ қазақ халқының тарихында өлім жазасы болмағанын айтты. «Халқымызда өлім жазасының орнына «құн төлеу» жазасы болған. Мысалы, кісі өлтірген кінәлі адам болса, оған халқымыз өлім жазасын кеспеген. Бірақ, сол өлтірілген кісінің құнын әлгі кінәлі адамға төлеткен. Осылайша дана халқымыз өлім жазасымен мәселенің түбегейлі шешімін таппайтынын жақсы түсінген», – деді Жеміс Тұрмағамбетова.

Сонымен қатар «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры қазақстандықтарды алдағы республикалық референдумға бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды. «Референдумнан соң заңымызға өзгерістер енгізіледі. Ол еліміздің әр азаматы үшін маңызды оқиға. Сондықтан әрбір азамат өз өмірі мен ел тағдырына бей-жай қарамай, референдумға барып, өз дауысын бергенін дұрыс деп санаймын», – деді ол.

https://www.inform.kz/kz/kazakta-olim-zhazasynyn-ornyna-kun-toleu-bolgan-zhemis-turmagambetova_a3939953
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Граждане Казахстана смогут проголосовать на референдуме в пяти городах России

При генконсульствах РК в РФ откроются избирательные участки, а именно в Москве, Санкт-Петербурге, Казани, Астрахани и Омске.

Отмечается, что для включения в список избирателей нужно заполнить установленную форму. При посещении избирательного участка нужно иметь при себе паспорт или удостоверение личности.

Напомним, 5 июня в Казахстане пройдет республиканский референдум по внесению поправок в Конституцию.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Граждане Казахстана смогут проголосовать на референдуме в пяти городах России

При генконсульствах РК в РФ откроются избирательные участки, а именно в Москве, Санкт-Петербурге, Казани, Астрахани и Омске.

Отмечается, что для включения в список избирателей нужно заполнить установленную форму. При посещении избирательного участка нужно иметь при себе паспорт или удостоверение личности.

Напомним, 5 июня в Казахстане пройдет республиканский референдум по внесению поправок в Конституцию.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Конституциялық реформа Заңға түзетулер енгізумен ғана шектелмейді – М.Әшімбаев

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев AMANAT партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысына қатысты. «REFERENDUM 2022: Жаңа Қазақстанның Конституциясы» тақырыбына арналған іс-шарада елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырысқа AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, журналист Мақсат Толықбай, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина және тағы басқа сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ашықтық пен демократия Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер осы құндылықтарға табан тірейтінін жеткізді.

Сенат Төрағасы халықпен кездесуде азаматтар тарапынан Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар өздерінің күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы заңды сауал қойылатынын айтты. Осыған орай ол қолға алынған реформаның негізгі мәні мен мазмұнын халыққа қарапайым тілмен түсіндірудің маңызы зор екеніне назар аударды.

«Қазақстандықтар референдумге қатысып, Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беру арқылы жаңа әділетті Қазақстан құру бастамасына қолдау көрсетеді. Жалпы саяси өзгерістер мен конституциялық реформа елімізде әділеттілік қағидатын нығайту үшін қолға алынып отыр», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері Конституцияға енгізу үшін ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарына тоқталды. Аталған түзетулер адам құқығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, Парламенттің рөлі мен депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыруға, өңірлердің дербестігі мен жергілікті билікті нығайтуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге арналған.

«Мемлекет басшысы ұсынған түзетулер кешені жаңа Қазақстанның негізі ретінде барынша теңгерімді, ашық және бәсекеге қабілетті саяси жүйе құруға мүмкіндік береді. Азаматтарымыз осы өзгерістерге дауыс беру арқылы Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдары мен Жаңа Қазақстан құруды қолдайтындарын білдіреді», деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер жүйелі саяси жаңғырудың басы ғана екенін атап өтті.

«Конституциялық реформа Ата Заңға түзетулер енгізумен шектелмейді. Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заңдар қабылдап, қолданыстағы кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Бұл жаңғырудың мақсаты – ашық, теңгерімді, демократиялық саяси жүйе және бәсекеге қабілетті, әділ, сыбайлас жемқорлықсыз экономикалық орта құру. Сондықтан азаматтарымыздың 5 маусым күні референдумге белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруі аса маңызды», деді Мәулен Әшімбаев.

Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаеваның пікірінше, референдумның басты мақсаты – ел болашағына қатысты мәселелерді шешуге әрбір азаматтың атсалысуына мүмкіндік беру.

 «Мен – кез келген өзгерістер мен реформалардың сыншысы болатын азаматтық сектордың өкілімін. Бірақ қазір азаматтық қоғам адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Конституциялық сот құру бөлігіндегі түзетулерді толық қолдайды. Біз халықпен кездесулерде міндетті түрде өз құқын пайдаланып, референдумға қатысу керек екенін айтамыз», деді Ләззат Қалтаева.

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдинаныңайтуынша, ұсынылып отырған түзетулер саяси жүйені терең өзгертуге, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастарды жаңартуға бағытталған.

 «Іс жүзінде бұл түзетулер кешені Қазақстанда қоғамның жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қуатты тетіктер жасалады. Бұл еліміздің бүкіл халқының қалауы деп ойлаймын», деді Зәуреш Баймолдина.

«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының бас продюсері Мақсат Толықбай әлеуметтік әділетті мемлекет ұрандарға негізделе алмайтынын, оны заң жүзінде бекіту керек екенін атап өтті.

«Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ әркім өзінен бастау керек. Алғашында түзетулердің мәнін бәрі бірдей түсінбеді. Бірақ ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді өз елі, балаларының болашағы үшін алаңдайтын әрбір адам міндетті түрде сайлау учаскесіне барып, өз дауысын береді», деп есептейді журналист.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің пікірінше, референдум – бұл сайлау мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік деңгейі тұрғысынан бүкіл қоғамымыз үшін жақсы сынақ әрі сабақ.

«Дегенмен ең бастысы, өзгерістер біржақты тәртіпте тек биліктен болмайды. Тиісінше, халық үдерістерге белсенді араласуы керек. Өйткені елдің өмірін бір жағынан ғана жақсарту мүмкін емес, бұл – әрбір азаматқа қатысты іс», деп атап өтті Талғат Қалиев.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова «TALQYLAU» диалог алаңы өте өзекті екенін және ол конституциялық нормаларды қоғамның қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесетінін айтты.

«Мен алғашқы референдумға қатыстым. Ол кезде еліміз енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, қоғам жаңа Конституцияны оң қабылдады. Қазіргі реформалар бүгінгі жағдайларға жедел жауап беру керек екенін көрсетті және халық оның маңыздылығын түсінеді деп ойлаймын», деді Наталья Калашникова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «TALQYLAU» алаңының модераторы Саясат Нұрбек, «халықтың жартысынан көбі – тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген, құндылықтары мүлдем басқа ұрпақ. Бірақ дәл қазір бәріміз бірігіп, ортақ болашақ үшін референдумды қолдап, конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруіміз керек», дегенді айтты.

Еске сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

https://egemen.kz/article/314037-konstitutsiyalyq-reforma-zanhgha-tuzetuler-engizumen-ghana-shektelmeydi-mashimba
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Азаматтық қоғам жаңашылдықты қалайды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Конс­титу­ция­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Референдум өткізудің мақсаты мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Оқу ордасының оқытушылар құрамы мен студенттері қа­тыс­қан жиында «Қазақстан тари­­хы және Қазақстан халық­тары­ның мәдениеті кафедра­сы­ның» меңгерушісі, тарих ғылым­­да­ры­ның кандидаты Зәуре Ақ­там­бердиева, «Құқық» кафед­ра­сының меңгерушісі Бақытжан Қуандықов, т.б. қаты­су­шылар референдумға қатыс­ты пікірлерін білдіріп, Ата Заңға енгізілетін өзге­рістерге байла­ныс­ты ұсы­ныс­тарын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатыс­қан­дар Президент Қ.Тоқаев­тың Кон­ституцияға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы рес­публикалық референдум өткiзудің мән-маңызын және аза­маттық қоғамды дамыту, ха­лық­тың мемлекеттік басқаруға қатысу белсенділігін ынталандыру мәселесі туралы бастамасына қолдау білдірді.

Конституция реформасы мем­лекеттің барлық моде­лін ке­шен­ді түрде трансфор­ма­ция­лау­ға бағытталған. Өзге­ріс­тер супер­пре­зиденттік бас­қа­ру формасынан ықпалды Парламент пен жауапты үкі­ме­ті бар президенттік рес­пуб­ликаға өтуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар адам құқық­тарын қорғауды күшейту мақ­са­­тында «Конституциялық сот» және «Адам құқықтары бо­йын­ша уәкілетті орган» деген екі жаңа бап енгізілмек. Одан кейін сайлау жүйесі өзге­рейін деп отыр. Енді кез келген қазақстандық азамат өзін депутаттыққа ұсынуға мүм­кіндік алатын болады.

Жаңашылдықтың тағы бірі – жер мәселесіне қатысты өз­ге­рістер. Қазіргі заң бойынша жер мемлекет меншігі болып саналады. Енді жер, су көздері мен басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болмақ. Меншік құқығын халық атынан мемлекет жүзеге асырады. Осыған бай­ланысты халық өз шешімін қабылдауға тиіс.

Кездесу барысында сарап­шы­лар еліміздегі демократия­ла­ндыру үдерісін одан әрі жал­ғастыруды көздейтін кон­сти­туциялық өзгерістер мен то­лықтырулар енгізуге қа­тыс­ты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Өз кезе­гінде ұстаздар мен студенттер 5 маусымда өтетін рефе­рен­думға ұйымшылдықпен қаты­сатындарын әрі ел бола­шағы үшін жасалатын маңыз­ды қа­дам­дарды толық қолдай­тын­дық­тарын білдірді.

https://egemen.kz/article/314061-azamattyq-qogham-dganhashyldyqty-qalaydy
Рубрика: Архив | Оставить комментарий