Ауыл шаруашылығында қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отырмыз – ПрезидентАСТАНА.

Ауыл шаруашылығында қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отырмыз – ПрезидентАСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін айтты.«Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек», – деді Мемлекет басшысы.Сонымен бірге, Президент ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру керегін жеткізді.«Өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн. Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Армия должна быть обеспечена высокотехнологичным вооружением и военной техникой – Глава государстваАСТАНА.

Армия должна быть обеспечена высокотехнологичным вооружением и военной техникой – Глава государстваАСТАНА. КАЗИНФОРМ – Касым-Жомарт Токаев в ходе открытия очередной сессии Парламента РК высказался о всемерном укреплении оборонно-промышленного комплекса, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на Акорду.«Еще один важный вопрос – всемерное укрепление оборонно-промышленного комплекса, который в развитых государствах играет ключевую роль в обеспечении национальной безопасности. Важнейшей задачей является создание цикла производства с высокой долей локализации, позволяющей снизить зависимость от импортных поставок.Наша армия должна быть обеспечена высокотехнологичным вооружением и военной техникой, в том числе бронетехникой, беспилотными летательными аппаратами, современным стрелковым оружием. Нужно укрепить производственные мощности по оперативному ремонту техники, усилить поддержку отечественных предприятий.Соответствующая материально-техническая база, компетенции и кадры у нас имеются. Им нужны заказы от соответствующих ведомств. Следует продолжить работу по трансферту современных технологий и локализации новых производств. Механизмом прямой финансовой поддержки отечественных предприятий станет специальный Фонд развития оборонно-промышленного комплекса», – сказал Президент РК.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет – Мемлекет басшысыАСТАНА

Өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет – Мемлекет басшысыАСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің айтуынша, бұл ретте металды терең өңдеу мұнай-газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, автобөлшектер және тыңайтқыштар шығару сияқты бағыттарға айрықша назар аударған жөн.«Басқаша айтсақ, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керек», – деді Мемлекет басшысы.Президент еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керектігін айтты.«Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Осы орайда, Президент кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс екенін тапсырды.«Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн. Жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды, басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажет. Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек», – деді Мемлекет басшысы.Президенттің пайымынша, сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет.«Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек. Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз», – деді Мемлекет басшысы.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент РК озвучил основные контуры предстоящих экономических реформАСТАНА.

Президент РК озвучил основные контуры предстоящих экономических реформ
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Глава государства в ходе открытия очередной сессии Парламента РК представил основные контуры предстоящих структурных экономических реформ, передает МИА «Казинформ».
«На текущем этапе самая важная задача – это формирование прочного промышленного каркаса страны, обеспечение экономической самодостаточности. Поэтому основной упор нужно сделать на ускоренном развитии обрабатывающего сектора. Мы должны реализовать ряд по-настоящему судьбоносных для нашей страны проектов. Задача диверсификации экономики становится еще более актуальной», – отметил Касым-Жомарт Токаев.
По словам Президента РК, следует сфокусироваться на таких направлениях, как глубокая переработка металлов нефте-, газо- и углехимия, тяжелое машиностроение, конверсия и обогащение урана, производство автокомпонентов и удобрений.
«Другими словами, нужно создать кластеры высокого передела», – подчеркнул Глава государства.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президент: Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы өтіп жатыр.

Президент: Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы өтіп жатыр.Қазір көптеген ел ішкі нарықты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекеттердің өзі протекционистік өнеркәсіп саясатына көшті. Дүниежүзілік сауда ұйымының бағалауынша, біздің елдегі ішкі нарықты қорғау деңгейі төмен, небәрі 128 тарифтік емес шара. Сол себепті біз сауда-саттық саясатында жаңа әрі батыл қадам жасауымыз керек, – деп айтты Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.Президент мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті екенін айтты.Бұл – біздің экономикамыз өзгелер үшін жабық деген сөз емес. Экономикамыз басқа елдерге әрдайым ашық болуға тиіс. Бірақ ұлттық бизнестің мүддесін қорғау керек, – деді Мемлекет басшысы.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий