Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін президенттікке кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нұржан Бауыржанұлы бірінші, жазба тапсырмады «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша, яғни оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні таңдады. Ал үшінші жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады. Барлық тапсырмалар бойынша Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді», – деді лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.Еске сала кетейік, ҚР Президенттігіне үміткер Нұржан Әлтаев 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған болатын

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Документы Фатимы Бизаковой представлены в Центризбирком

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – ЦИК РК сообщил о том, что Фатима Бизакова выдвинула свою кандидатуру в президенты Республики Казахстан, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на пресс-службу Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.По данным пресс-службы, 11 октября 2022 года в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан согласно статьям 54 и 55 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», а также в соответствии с постановлением Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 23 сентября 2022 года № 67/545 «Об установлении форм избирательных документов по внеочередным выборам Президента Республики Казахстан, назначенным на 20 ноября 2022 года», были представлены следующие документы Бизаковой Фатимы о ее выдвижении кандидатом в президенты Республики Казахстан республиканским общественным объединением «Практическая Психология»:1. Выписка из протокола заседания высшего органа республиканского общественного объединения «Практическая Психология» о выдвижении кандидатом в Президенты Республики Казахстан;2. Заявление Бизаковой Ф. о ее согласии баллотироваться кандидатом в Президенты Республики Казахстан с приложением биографических данных;3. Документ, удостоверяющий внесение избирательного взноса на счет Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан;4. Копия документа, удостоверяющего личность;5. Копия диплома о высшем образовании.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстан президенттігіне кандидат Фатима Бизақованың құжаттары қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне үміткер Фатима Бизақованың құжаттары қабылданғанын растады. Кандидатты «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Фатима Бизақованың «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:1. «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;2. Ф.Бизакованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі», – деп жазды ОСК.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Каракат Абден утвердили в качестве кандидата в Президенты Казахстана

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Центральная избирательная комиссия утвердила кандидатуру Каракат Абден на предстоящие внеочередные президентские выборы, передает корреспондент МИА «Казинформ». «Мы проводим процедуру подписания соответствующего протокола, который устанавливает кандидатуру Каракат Жаксылыковны Абден в соответствии с требованиями Конституции РК и Закона о выборах РК. Таким образом, ЦИК установлено, что кандидат в Президенты Абден Каракат Жаксылыккызы соответствует требованиям, предъявляемым к ней Конституцией РК и конституционным Законом о выборах РК», – сказал председатель ЦИК Нурлан Абдиров на заседании комиссии, после процедуры голосования.Ранее сообщалось, что кандидаты в Президенты РК Каракат Абден сдала экзамен на знание государственного языка. Как сообщили в Центризбиркоме, в ходе сдачи экзамена кандидат в письменном задании выбрала тему: «Тіл – халықты алтын бесігі». Выполняя второе устное задание, она прочла отрывок из романа Ильяса Есенберлина «Кочевники». В третьем задании она выступила с речью на тему: «Азат елдің еңсесі биік».

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Заңының талаптарына сәйкес, Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын белгілейтін тиісті хаттамаға қол қою рәсімін жүргізіп жатырмыз. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Әбден Қарақат Жақсылыққызы ҚР Конституциясымен және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкес келетінін анықтады», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров дауыс беру рәсімінен кейін комиссия отырысында.7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Жақсылыққызы Әбденнің кандидатурасын ұсынған болатын.Қарақат Әбден – танымал қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссиясының мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты. Төрт бала тәрбиелеп отыр.8 қазанда Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды.Кеше 10 қазанда Қ. Әбден ҚР Орталық сайлау комиссиясында мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий