АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылған сәттен бері ҚР Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 31 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі ОСК отырысында.Оның айтуынша, 4 халықаралық ұйымнан 54 байқаушы аккредиттеу үшін ұсынылды, оның ішінде ТМД – 31 байқаушы, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 10 байқаушы, Ислам ынтымақтастық ұйымынан – 3 байқаушы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан – 10 байқаушы бар.5 шет мемлекеттен 9 кандидатура, атап айтқанда Армениядан – 2, Мажарстаннан – 2, Молдовиядан екеу, Ресейден екеу және Швыециядан – 1 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды.Аккредиттеу үшін келіп түскен ұсыныстарға қарай, байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.Бұған дейін ОСК президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырған еді.Сонымен бірге, 4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады.
20 қараша күні Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында іске қосылады. Бұл туралы Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев баспасөз жиынында сайлау науқанына қатысты ақпаратты бөлісті.Дипломат атап өткендей, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстан президенті енді тек бір рет 7 жылдық мерзімге сайланатын болады және одан кейін қайта сайлана алмайды.Жалпы президент сайлауына қатысуды қалаған 12 кандидаттан өтініш түсті. Орталық сайлау комиссиясының іріктеуінің нәтижесінде олардың ішінен 6 кандидат Конституция бойынша қойылатын талаптарға сәйкес деп танылып, сайлауға қатысу құқығына ие болды, – деді ол.Айта кетейік, Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға насихаттау науқаны 19 қарашаға дейін өткізіледі.Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында болады. Олар таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, – деп түсіндірді Нұрышев.Сонымен қатар Қазақстанның Қытайдағы елшісі алдағы сайлау науқанының мәні айрықша екенін айтады.Алдағы сайлау процесінің мәні ерекше. Оның нәтижесімен Жаңа әділетті Қазақстанды құру мақсатында жүргізіліп жатқан реформалардың сәттілігі тікелей байланысты. Қазақстан Президенті атап өткендей әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді, – деп айтты Шахрат Нұрышев.
Центризбирком Казахстана продолжает практику конструктивного взаимодействия с международными организациями. По приглашению директора офиса БДИПЧ/ОБСЕ Матео Мекаччи секретарь Центризбиркома Мухтар Ерман принял участие в работе «круглого стола» по теме «Передовой опыт выполнения рекомендаций по выборам», состоявшемся 27 октября т.г. в Бишкеке. Своим опытом поделились руководители и представители центральных избирательных органов Албании, Армении, Молдовы, Казахстана, Кыргызстана и Узбекистана. Модератором «круглого стола» выступила экс-директор офиса БДИПЧ/ОБСЕ, посол Одри Гловер. В своем выступлении М.Ерман особо подчеркнул, что Центризбирком Казахстана и офис БДИПЧ с февраля текущего года перешли на режим постоянных консультаций, в том числе и в межэлекторальный период. М.Ерман отметил, что Миссией БДИПЧ/ОБСЕ положительно оценена работа Центральной комиссии референдума Казахстана по итогам прошедшего 5 июня т.г. референдума по внесению изменений и дополнений в Конституцию. В опубликованном 5 октября т.г. докладе Миссии отмечено «Центральная комиссия референдума, а также территориальные и участковые комиссии были обеспечены необходимыми ресурсами и работали эффективно, своевременно и в значительной степени прозрачно. Приняты долгожданные меры по обеспечению доступности референдума для избирателей с ограниченными возможностями». Это важный документ для казахстанской стороны, который будет внимательно изучаться и обсуждаться с заинтересованными государственными органами РК, экспертами и практиками избирательного процесса. Так, в ближайшее время обновленный состав Экспертного совета при Центральной избирательной комиссии рассмотрит на своем заседании Отчет миссии БДИПЧ по итогам референдума. М. Ерман проинформировал коллег о встрече Председателя ЦИК Нурлана Абдирова с Главой Миссии наблюдателей Уршулой Гацек в условиях текущей кампании по выборам Президента Республики Казахстан, в ходе которой члены Миссии были приглашены к участию в заседаниях и обучающих мероприятиях Центризбиркома. Кроме того, состоялись двусторонние встречи М. Ерман с Одри Гловер, председателем ЦИК Кыргызстана Нуржан Шайлдабековой, членами других делегаций, которые подтвердили намерение прибыть для наблюдения за внеочередными выборами Президента Казахстана. 28-30 октября т.г. состоялись поездки членов ЦИК РК в регионы страны по вопросам подготовки и проведения внеочередных выборов Президента Республики Казахстан. В частности заместитель председателя ЦИК РК Константин Петров посетил Костанайскую, члены Центризбиркома Сабила Мустафина – Акмолинскую, Шавхат Утемисов – Западно-Казахстанскую области. В регионах члены Центризбиркома провели семинары-совещания с представителями территориальных и участковых избирательных комиссий, государственных органов, предвыборных штабов кандидатов, политических партий и СМИ, где приняло участие более 700 человек. В первой части семинаров-совещаний члены ЦИК информировали участников об особенностях подготовки и проведения выборов Президента. Так, подробно были рассмотрены особенности основных этапов избирательной кампании, итоги выдвижения и регистрации кандидатов в Президенты, обеспечение избирательных прав лиц с инвалидностью, электоральное обучение и др. В свою очередь уполномоченные государственные органы доложили членам ЦИК о проводимой в регионах работе по спискам избирателей, организационном, материально-техническом обеспечении выборов, обеспечении физической доступности избирательных участков для граждан с инвалидностью, осуществлении надзора за соблюдением законности участниками избирательного процесса выборного законодательства, обеспечении правопорядка на избирательных участках в день голосования, охране и доставке избирательных бюллетеней. Практическая часть семинара осуществлялась для членов ТИК и УИК в виде деловой игры с применением практикоориентированных методов и отработки алгоритма действий в день голосования. По итогам семинаров-совещаний членами ЦИК озвучены предложения по повышению эффективности работы территориальных и участковых избирательных комиссий. Также в рамках поездок члены Центризбиркома посетили избирательные участки и ознакомились с их готовностью ко дню голосования.
Қазақстанның Ортсайлаукомы халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл тәжірибесін жалғастыруда. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңсесінің директоры Матео Мекаччидің шақыруымен Ортсайлауком хатшысы Мұхтар Ерман а.ж. 27 қазанында Бішкекте өткен «Сайлау бойынша ұсыныстарды орындаудың озық тәжірибесі» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Албания, Армения, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. «Дөңгелек үстелдің» модераторы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңсесінің бұрынғы директоры, елші Одри Гловер болды. М.Ерман өз баяндамасында Қазақстанның Ортсайлаукомы мен ДИАҚБ кеңсесі ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап тұрақты кеңес режиміне, оның ішінде электораралық кезеңге ауысқанын ерекше атап өтті. М.Ерман а.ж. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдум қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының жұмысы ЕҚЫҰ / ДИАҚБ Миссиясымен оң бағаланғанын атап өтті. Миссияның а.ж. 5 қазанында жариялаған баяндамасында «Орталық референдум комиссиясы, сондай-ақ аумақтық және учаскелік комиссиялар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді және тиімді, уақтылы және ашық жұмыс істеді. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін референдумның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша көптен шаралар қабылданды» деп көрсетілген. Бұл Қазақстан тарапы үшін маңызды құжат, ол ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен, сарапшылармен және сайлау процесінің практиктерімен мұқият зерттеліп, талқыланатын болады. Мәселен, жақын арада Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық кеңестің жаңартылған құрамы өз отырысында референдум қорытындысы бойынша ДИАҚБ Миссиясының есебін қарайды. М. Ерман әріптестеріне ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Президентін сайлау жөніндегі ағымдағы науқан жағдайында байқаушылар Миссиясының Басшысы Уршула Гацекпен кездесуі туралы хабардар етті. Кездесу барысында миссия мүшелері Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырылды. Сонымен қатар, М.Ерманның Одри Гловермен, Қырғызстан ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабековамен, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау үшін келу ниетін растаған басқа делегациялардың мүшелерімен екіжақты кездесулері өтті. А.ж. 28-30 қазанында ҚР ОСК мүшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша ел өңірлеріне сапарлары өтті. Атап айтқанда, ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Қостанай облысында, Ортсайлаком мүшелері Сәбила Мұстафина Ақмола облысында, Шавхат Өтемісов Батыс Қазақстан облысында болды. Өңірлерде Ортсайлуком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді, онда 700-ден астам адам қатысты. Семинар-кеңестердің бірінші бөлімінде ОСК мүшелері қатысушыларды Президент сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы хабардар етті. Осылайша, сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, Президенттікке кандидаттарды ұсыну жән тіркеу қорытындылары, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту және т. б. егжей-тегжейлі қаралды.