Сайлау-2022: Кандидаттар арасындағы теледебат қай тілде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов президенттікке кандидаттар арасындағы телевизиялық пікірсайыс қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасында өтеді. Ұзақтығы 80 минуттан кем болмайды. Кім қай тілде сөйлегісі келеді, қай тілде сұрақ қойғысы келеді, сол тілде өтеді. Мысалы, сайлаушылардың атынан да сұрақтар келіп түсуі мүмкін. Сұрақ қай тілде қойылса, сол тілде жауап береді», – деді ол ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.Ал «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов телевизиялық пікірсайыс уақыты созылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.«Теледебат кемінде 80 минут болады деп отырмыз. Ол кандидаттардың бағдарламасын таныстыруына, сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұзарып кетуі де мүмкін. Сондықтан кандидаттарға қандай да бір шектеу болады деп ойламаймын», – деді ол.Сонымен қатар Дәулетхан Жиенқұлов агенттіктің электронды поштасына сайлаушылардан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жеткізді.«Сұрақтар видеоформатта болады. Кез келген азамат өзі таңдаған кандидатқа сауалын жолдай алады. Кімнен келсе де, сұрақ қойылады. Сауалдың тікелей эфирде қойылуына регламент мүмкіндік бермейді», – деді телеарна өкілі.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сколько средств выделят на предвыборные дебаты

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – В Центральной избирательной комиссии назвали сумму средств, выделенных на проведение предвыборных дебатов, передает корреспондент МИА «Казинформ».Член Центральной избирательной комиссии Анастасия Щегорцова пояснила, что на проведение предвыборных дебатов будет выделено 63 млн тенге.«Эта программа не была заложена в плане «Хабара», по которому он получает ежегодное финансирование. Эта статья расходов предусмотрена непосредственно в смете расходов ЦИК. Согласно закону, есть компетенция ЦИК на проведение дебатов», – сказала она на заседании ЦИК РК.По словам заместителя председателя правления АО «Хабар» Даулетхана Жиенкулова, средства пойдут на организацию студии, на связь во время прямого эфира, на наем дополнительного персонала.Ранее сообщалось, что Центральная избирательная комиссия РК утвердила регламент проведения предвыборных дебатов и дискуссий, которые состоятся 11 ноября в прямом эфире телеканала «Хабар».

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу үшін 63 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері теледебат өткізу үшін «Хабар» телеарнасына қанша қаражат бөлінетінін сұраған еді.«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге бөлінеді», – деп жауап берді Анастасия Щегорцова.«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты.«Біріншіден, келісімшарт жасалсын, қаражат қазынаға түссін. Содан кейін айтамыз. Екіншіден, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, декорацияға, студия жабдықтауға, жарыққа жұмсалады. Бұл бір рет қана болатын іс-шара болғандықтан арнайы студия жасалады. Қосымша адамдарды жұмысқа тартуға да қаржы жұмсалады. Енді телевидениенің технологиясын білетін адам ақшаның қайда жұмсалатынын біледі деп ойлаймын», – деді ол.Осы орайда Анастасия Щегорцова телеарнаның биылғы бюджетінде теледебат өткізуге қаражат қарастырылмағанын атап өтті.«Бұл қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығындар сметасында қарастырылған. Заңға сәйкес, ОСК-нің дебат өткізуге мүмкіндігі бар», – деді ОСК мүшесі.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Президентские выборы: что не допускается к обсуждению на теледебатах

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – В Центральной избирательной комиссии РК пояснили, что не допускается к обсуждению на телевизионных дебатах, передает корреспондент МИА «Казинформ».Член Центральной избирательной комиссии Анастасия Щегорцова проинформировала, что ЦИК РК утвердил регламент к проведению телевизионных дебатов, который прилагается к постановлению.«В ходе проведения предвыборных телевизионных дебатов не допускается пропаганда и агитация насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики Казахстан, подрыва безопасности государства, разжигания социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной, родовой розни, культа жестокости насилия, а также создания непредусмотренных законодательством военизированных формирований. Это единственное ограничение, которое предусмотрено к обсуждению на данных дебатах. Все остальное, то есть, в рамках закона могут задаваться любые вопросы», – сказала Анастасия Щегорцова.Ранее сообщалось, что Центральная избирательная комиссия РК утвердила регламент проведения предвыборных дебатов и дискуссий, которые состоятся 11 ноября в прямом эфире телеканала «Хабар».
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Сайлау-2022: Теледебат кезінде қандай тақырыптарды талқылауға болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 11 қарашада өтетін кандидаттардың сайлауалдындағы телевизиялық пікірсайысында қандай мәселелерді талқылауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцованың атап өтуінше, ОСК тарапынан 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу регламенті келісілген.«Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастарды өткізу барысында конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық, тектік алауыздықты, зорлық-зомбылық қатыгездігіне табынуды қоздыруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құруды насихаттауға және үгіттеуге жол берілмейді. Бұл осы пікірталастарда талқылауға қойылатын жалғыз шектеу ғана. Қалғанының бәрі, яғни заң аясында кез келген сұрақтар қойылуы мүмкін», – деді Анастасия Щегорцова.Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидаттардың пікірсайысының регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілген еді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий