«Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өтеді

Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді. Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды. Үшінші раунд – «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді. Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі. Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/habar-telearnasynda-prezidenttikke-kandidattardyn-saylaualdy-pikirsayysy-otedi-291589/

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

По состоянию на 10 ноября 2022 года в Центризбирком поступили уведомления о проведении опросов общественного мнения от 7 юридических лиц

По состоянию на 10 ноября 2022 года в Центризбирком поступили уведомления о проведении опросов общественного мнения от 7  юридических лиц с приложением копий документов: 1. Исследовательский институт «Общественное мнение» («Қоғамдық пікір» зерттеу институты) – метод опроса интервью «face to face», телефонный опрос (CATI); 2. Институт общественной политики партии «AMANAT» – метод опроса интервью «face to face», в день голосования опрос вне помещений и пунктов голосования (exit-poll); 3. Научно-исследовательский центр «Молодежь» – метод опроса интервью «face to face», c применением профильной онлайн платформы; 4. Научно-исследовательская ассоциация «Институт демократии» – метод опроса интервью «face to face»; 5. Институт комплексных социальных исследований – Астана ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» – в день голосования опрос вне помещений и пунктов голосования (exit-poll); 6. Исследовательская группа DAMU RG – метод опроса CAWI (Computer Assisted Web Interviewing). 7. Международный институт региональных исследований «Открытое общество» – в день голосования опрос вне помещений и пунктов голосования (exit-poll). Информация о поступивших уведомлениях юридических лиц будет обновляться  на сайте Центризбиркома по мере их поступления.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау 
комиссиясына 7 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды 
жүргізгені туралы хабарлар 
келіп түсті.

2022 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 7 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: 1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) – “face to face” сұхбат сауалнамасы әдісі, телефон сауалнамасы (CATI); 2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі – “face to face” сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы – Профильді онлайн платформаны қолдана отырып, “face to face” сұхбат алу әдісі; 4. «Демократия институты» Ғылыми-зерттеу қауымдастығы – “face to face”сұхбат әдісі; 5. Астана – Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll); 6. Исследовательская группа DAMU RG – CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing); 7. «Ашық қоғам» аймақтық  зерттеулер халықаралық институты – дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll). Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.
Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Члены ЦИК РК объехали 12 регионов для проверки готовности к президентским выборам

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – С 28 октября члены Центральной избирательной комиссии успели побывать в 12 регионах страны для оказания избирательным участкам методической помощи и проверки подготовки к президентским выборам, передает корреспондент МИА «Казинформ».«Для оказания методической помощи избирательным участкам и для того чтобы удостовериться в готовности избирательных участков к предстоящим выборам члены Центральной избирательной комиссии с 28 октября начали свои поездки в регионы. Я и мои коллеги побывали в 12 регионах. До 17 ноября планируем посетить оставшиеся регионы», – сказал на заседании председатель Центральной избирательной комиссии Нурлан Абдиров.Он также добавил, что ЦИК ставит целью обеспечить 100% готовность всей избирательной инфраструктуры избирательных органов к проведению внеочередных президентских выборов, назначенных на 20 ноября 2022 года.Ранее сообщалось, что члены Центральной избирательной комиссии объедут все 20 регионов страны и проверят готовность к выборам.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының басты міндетін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету және дауыс беру күніне дайындығына көз жетізу үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында 28 қазаннан Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың өңірлерге сапарлары басталып кетті. Мен және менің әріптестерім әзірше 12 өңірге барып үлгерді. 17 қарашаға дейін біз барлық өңірді аралауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз – сайлау органдарының барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету», – деді ол бүгін комиссия отырысында.ОСК төрағасы өткен аптаның соңында инспекциялық сапармен Павлодар мен Ақмола облыстарына, сол облыстардың шағын қалалары мен ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқанын айтты.«Өкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақытылы жеткізу, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдадым», – деді Нұрлан Әбдіров.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий