Мәжіліс пен мәслихат сайлауында 4-5 бюллетень болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлаушылар 4 немесе 5 бюллетенде дауыс береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлауда бір емес, 4 немесе 5 бюллетень болады. Парламент Мәжілісі депутаттарын пропорционалды негізде, яғни партия тізімі бойынша сайлауға бөлек бюллетень болады. Ол барлық өңірлерде барлық сайлау учаскелерінде таратылады. Екінші бюллетень – Парламент Мәжілісінің бірмандатты депутатына арналған, мұнда әр округтен 29 депутат сайланады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссияның бүгінгі отырысында.Үшінші бюллетенде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының мәслихаттарына сайланғысы келетін партиялар тізімі болады.Төртінші бюллетень – облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының бірмандатты округы үшін таратылады, онда да кандидаттар ұсынылады.«Бесінші бюллетень облыстарда 17 өңірде қолжетімді болады, бұл қалалық немесе аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Мәселен, Түркістан облысының Шардара ауданында тұратын адамға өз ауданының мәслихатының депутаттарын сайлау бюллетені беріледі. Осылайша, мегаполистерде 4 бюллетень, қалған өңірлерде 5 бюллетень болады», – деді К. Петров.Сонымен бірге «Бәріне қарсымын» бағанасы барлық бюллетенде көрініс табады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Осылайша, ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК бүгінгі отырысында.ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ОСК төрағасы тиісті жарлығы негізінде тағайындайды.«Осыған байланысты мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауды науқан өткізудің жекелеген ұсыну, тіркеу, үгіт жүргізу кезеңдерін біріздендіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауымен бірге өткізу, яғни 19 наурызға тағайындау ұсынылады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.Н. Әбдіровтың айтуынша, мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қамтамасыз етеді.Айта кетсек, кеше Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді.Одан бөлек, Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Избирательный взнос для кандидатов в депутаты Мажилиса составит более 1 млн тенге

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК должен будет внести на счет Центральной избирательной комиссии РК взнос в размере 15 минимальных заработных плат, или 1 млн 50 тысяч тенге. С 1 января 2023 год размер МЗП составляет 70 тысяч тенге, передает корреспондент МИА «Казинформ».«Пункт 5 статьи 88 конституционного закона о выборах устанавливает обязанность каждого кандидата в депутаты Мажилиса Парламента по одномандатным территориальным избирательным округам до регистрации и после его проверки на соответствие требованиям, предъявленным Конституцией и настоящим конституционным законом, внести на счет Центральной избирательной комиссии избирательный взнос в пятнадцатикратном минимальном размере заработной платы, установленном законодательством РК», – пояснил на заседании член Центральной избирательной комиссии РК Асылбек Смагулов.Он отметил, что внесенный взнос возвращается кандидату в случаях, если по итогам выборов кандидат избран депутатом Мажилиса Парламента или по итогам голосования кандидат набрал не менее 5% голосов избирателей, принявших участие в голосовании, а также в случае смерти кандидата.«Избирательный взнос кандидата в депутаты маслихата составляет 5 минимальных заработных плат (350 тысяч тенге – прим. ред.). Внесенный взнос возвращается кандидату в случаях, если по итогам выборов кандидат избран депутатом маслихата или по результатам голосования не менее 5% голосов избирателей, а также в случае смерти кандидата», – добавил спикер.Ранее сообщалось, что внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мәжіліс депутаттығына үміткер 1 млн теңгеден астам сайлау жарнасын төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сайлау туралы» конституциялық заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен осы конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленеді. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда кандидатқа қайтарылады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында.Айта кетейік, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып белгіленген. Осылайша, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.«Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыны (350 мың теңге) құрайды. Енгізілген жарна егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады», – деді А. Смағұлов.Еске сала кетсек, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау күні.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Семь политических партий допустили к выборам в Мажилис

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Центральная избирательная комиссия Казахстана допустила к выборам в Мажилис 7 политических партий, передает корреспондент МИА «Казинформ».Допущены к участию во внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента РК, избираемых по партийным спискам:- Демократическая партия Казахстана «Ак жол»;- Партия «AMANAT»;- Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл»;- Казахстанская партия зеленых «Байтақ»;- Общенациональная социал-демократическая партия;- Народная партия Казахстана;- Respublica.Допущены к участию во внеочередных выборах депутатов маслихатов РК, избираемых по партийным спискам:- Демократическая партия Казахстана «Ак жол»;- Партия «AMANAT»;- Народно-демократическая патриотическая партия «Ауыл»;- Казахстанская партия зеленых «Байтақ»;- Общенациональная социал-демократическая партия;- Народная партия Казахстана;Ранее сообщалось, что внеочередные выборы депутатов Мажилиса в Казахстане состоятся 19 марта. На эту же дату запланированы выборы депутатов маслихатов.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий