Миссия наблюдателей от СНГ приступила к мониторингу внеочередных выборов депутатов Мажилиса

Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Сайлау: ТМД байқаушылар миссиясы жұмысына кірісті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының байқаушылар миссиясы елімізде өтетін кезектен тыс Мәжіліс депутаттары сайлауына дайындық және өткізу барысына мониторинг жасауға кірісті.Бұл туралы ТМД бас хатшысының бірінші орынбасары Леонид Анфимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазір ғана Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен сөйлестім. Бізге сайлау науқаны барысы жайында жан-жақты ақпарат берілді. Бұл біздің Қазақстандағы парламенттік және президенттік сайлауларды байқаушылардың 17-ші, ал жалпы ТМД кеңістігіндегі 120-шы миссиясы екендігін атап өткім келеді», – деді ол ОСК-де өткен брифинг барысында.Оның атап өтуінше, миссия құрамына ТМД мемлекеттері өкілдерінен бөлек, ТМД-дағы қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясының, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының, Беларусь пен Ресей парламенттік ассамблеясының, ТМД Атқарушы комитетінің байқаушылары кіреді.«ТМД-дан байқаушылар миссиясы мүшелерінің жалпы саны шамамен 200 адамды құрайды деп болжанады. Бүгіннен бастап ТМД байқаушылар миссиясы Астанада жұмысын бастайды», – деді Леонид Анфимов.ТМД өкілінің айтуынша, миссия жұмысы барысында саяси партиялардың сайлауалды штабтарымен, депутаттыққа кандидаттармен бірнеше кездесу өткізіп, барлық деңгейдегі сайлау учаскесінің жұмысымен танысуы жоспарланған.«Байқаушылардың негізгі тобы дауыс беруге 2-3 күн қалғанда, яғни 16-17 наурызда Астанаға келеді деп күтіледі. Жалпы біз тек Астанада ғана емес, сонымен бірге елдің өзге де өңірлерінде дауыс беру процесін байқайтын боламыз», – деді ол.https://www.inform.kz/kz/saylau-tmd-baykaushylar-missiyasy-zhumysyna-kiristi_a4040595
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Самовыдвиженцы могут провести предвыборные дебаты – ЦИК РК

АСТАНА. КАЗИНФОРМ – Самовыдвиженцы имеют право на проведение предвыборных дебатов. Об этом сообщил заместитель заведующего отделом анализа и коммуникаций аппарата ЦИК РК Ашим Бердибеков, передает корреспондент МИА «Казинформ».«На проведение предвыборных дебатов политических партий, которые состоятся 16 марта, выделено 63 млн тенге. В прошлом году была такая же сумма. По дебатам агентство «Хабар» устанавливает регламент и направляет нам предложения. Регламент будет рассмотрен и утвержден на следующем заседании. У самовыдвиженцев также есть возможности для дебатов», – сказал Ашим Бердибеков в ходе брифинга в ЦИК.По словам членов ЦИК, те, кто баллотируется по одномандатным округам, полностью сами покрывают расходы на дебаты.Ранее сообщалось, что на 16 марта назначена дата дебатов политических партий.https://www.inform.kz/ru/samovydvizhency-mogut-provesti-predvybornye-debaty-cik-rk_a4040496
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізе алады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттығы сайлауына өзін-өзі ұсынғандар сайлауалды дебат өткізуге құқылы. Бұл туралы ОСК талдау және коммуникация аппараты бөлімі жетекшісінің орынбасары Әшім Бердібеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«16 наурызда өтетін саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге 63 млн теңге бөлінді. Былтыр да дәл осы сома болған еді. Дебат бойынша «Хабар» агенттігі регламентті белгілеп, ұсыныстарын бізге жібереді. Регламент келесі отырыста қаралып, бекітіледі. Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да дебат өткізу мүмкіндіктері бар. Ол туралы ҚР Сайлау туралы заңының 2 және 3 тармағында көрсетілген. Оларға берілген құқық бойынша дебатты қандай телеарнада және оның регламентін өздері бекітеді», – деді Әшім Бердібеков ОСК брифингі барысында.ОСК мүшелерінің айтуынша, бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетіндер пікірсайыс шығынын толықтай өздері өтейді.Бұған дейін саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтетіні туралы хабарлаған едік.Теле дебат «Хабар» арнасынан көрсетіледі.Айта кетейік, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.https://www.inform.kz/kz/ozin-ozi-usyngandar-saylaualdy-debat-otkize-alady_a4040489
Рубрика: Архив
Оставить комментарий
