
Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Президентіміздің шекаралар аймағындағы елді мекендер тарап кетіп, ел шеті жалаңаштанып қалды деген халықтың ұзақ уақыттан бері алаңдаушылығына мән беріп, нақтылы шаралар қабылдағаны елдің үлкен ризашылығын тудырып, қуанышқа бөлеп тастады.Осы орайда «Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым», –деп Қасым-Жомарт Тоқаев мұның аса маңызды қадам екендігін «Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды» деген тарихи сөзімен қуаттады да, халқын қуанта білді.

Рубрика: Архив
Оставить комментарий
«Бала тәрбиесі – ең алдымен, ата-ананың міндеті. Алайда кейде ата-аналар дұрыс тәрбие берудің орнына өздері жағымсыз үлгі көрсетеді», – деген және де «Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс», –деген Президентіміздің осы айтқанын біз де өз ойымызға арқау етіп отырмыз. Ендігі арада әр ата-ана және бала бақшалар және мектептер балаға дұрыс тәрбие беруді Мемлекет алдындағы міндет деп қарағандары да абзал.

Рубрика: Архив
Оставить комментарий
«Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады», –деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айтқандарының үштағанын – білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға қазір үлкен көңіл бөлініп отырғаны да тегін емес. Ұрпағымыздың болашағы мен ұлтымыздың жаңа болмысы осы үштағанның бірегейлігі арқылы анықталары да анық.

Рубрика: Архив
Оставить комментарий
Президент: Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз әрі масыл болмауы тиіс ҚазАқпарат – Қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет. Бірақ, үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осылайша, олар ұлттың рухын жаңғыртуда. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бұл міндетті абыроймен атқарсақ, қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент атап өткендей, жастарға құндылықтарды дәріптеу ісінде аға буынның алар орны айрықша.«Біз, аға буын өкілдері, еңбекқорлық, іскерлік сияқты құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы дәріптеуіміз керек. Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз, жалқау, енжар, масыл болмауға тиіс. Оларды осындай теріс әдеттерден қашық болуға үйретуіміз керек. Біздің қоғам өзгерісті біреуден мадақ есту үшін емес, ең алдымен, өзі үшін жасауға тиіс. Мұны елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін қолға алуымыз керек.Ашығын айтсақ, біз кейде өз өмірімізден гөрі жұрттың пікіріне көбірек мән береміз. Тіпті, бұл әдет қанымызға сіңген деуге болады. Әрине, қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет.

Рубрика: Архив
Оставить комментарий
