Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды  

Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды  
 
 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.
 
 Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.
«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсебаев.

Объем подушевого финансирования для организаций технического и профессионального образования увеличат в Казахстане
 
 Министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства сообщил, что в рамках проведения «Года рабочих профессий» для организаций технического и профессионального образования с 1 сентября 2025 года увеличится объем подушевого финансирования.

 Он отметил, что согласно действующей методике подушевого нормативного финансирования, средний размер средств, выделяемых на обучение 1 студента составляет 437 тыс. тенге, теперь он составит в среднем 912 тыс. тенге.
«Новый норматив финансирования состоит из основной и стимулирующей частей, при этом стимулирующие выплаты предоставляются колледжам, достигшим конкретных показателей. Новая система финансирования позволит подготовить конкурентоспособных специалистов, оснастить организации образования современным материально-техническим оборудованием, организовать курсы повышения квалификации педагогов», — пояснил Гани Бейсембаев.

ТЕКСТ 3

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Қазақстанда кәсіптік бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылады   

 Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылына» сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленгенін хабарлады.
 

 Ол Үкімет жанынан комиссия құрылғанын, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданғанын, барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілгенін атап өтті.
 
Министр сонымен қатар осы жұмыс аясында кәсіби бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылатынын айтты.
 

 Ол осы бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін өңірлердің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, барлық облыста «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленетініне тоқталды.
«Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушыларды толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

 
 Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығы арқылы 1 мың мектепте бейіндік сыныптар ашылатыны атап өтілді. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі.

Новую концепцию профессиональной ориентации запустят в Казахстане 
 
 Министр просвещения Гани Бейсембаев на заседании Правительства сообщил, что в рамках поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева согласно объявленному «Году рабочих профессий» разработан план мероприятий. 

 Он отметил, что при Правительстве создана комиссия, принята Дорожная карта трансформации технического и профессионального образования, во всех 20 регионах утверждены планы, направленные на повышение престижа рабочих профессий и качества подготовки кадров, усиление взаимодействия с работодателями.

Министр также сообщил, что в рамках этой работы будет запущена новая концепция профессиональной ориентации.
 Он отметил, что для системного развития работы в этом направлении с учетом потребности регионов в кадрах во всех областях будет разработан «Атлас новых профессий».
«Новые подходы профориентационной работы позволят учащимся узнать о новых требованиях на рынке труда, оценить карьерные перспективы в конкретных отраслях экономики, сделать правильный выбор профессии. С этой целью будет усилена профориентационная служба в школах, что позволит полностью охватить учащихся профессиональной диагностикой», — подчеркнул Гани Бейсембаев.

 Отмечено, что при сотрудничестве предприятий и колледжей в 1 тыс. школах будут открыты профильные классы. Будет внедрен опыт обучения старшеклассников практическим навыкам и первой рабочей профессии на базе колледжей.

ТЕКСТ 2

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті. «Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет. Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов: В рамках поставленных Главой государства задач экономическим блоком Правительства совместно с группой экспертов прорабатываются новые подходы к реформе бюджетно-налоговой и тарифной политики 
 
На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что в рамках поставленных Главой государства задач в ближайшее время будут представлены новые подходы в реформе бюджетно-налоговой и тарифной политик.
 
«В интервью газете «Ана тiлi» Президент подчеркнул, что задачей Правительства является обеспечение экономического роста страны и повышение благосостояния граждан.
Мы должны обеспечить интенсивный экономический рост.
В этой связи под руководством Серика Макашевича экономическим блоком Правительства совместно с группой экспертов прорабатываются новые подходы к реформе бюджетно-налоговой и тарифной политики, которые в том числе затронут сферу социального обеспечения.
Указанные подходы будут представлены в ближайшее время, после детального обсуждения с экспертным сообществом», – подчеркнул Олжас Бектенов.

ТЕКСТ 1

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% – ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

*

Во исполнение поручения Главы государства, озвученного в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2021 года «Единство народа и системные реформы – прочная основа процветания страны», в этом году продолжилось поэтапное повышение заработной платы отдельных категорий гражданских служащих в среднем на 20%.

Повышение заработной платы затронет порядка 600 тыс. гражданских служащих, работающих по таким специальностям, как: бухгалтеры, экономисты, юристы, архивариусы, библиотекари, музееведы, лесники, технический персонал и другие.

Таким образом, в период с 2022 по 2025 годы зарплата отдельных категорий гражданских служащих увеличится в 2 раза.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Ақмола облысында 12 200 орынға арналған 9 жайлы мектептің құрылысы аяқталды

Акмолинская область  завершила строительство
9 запланированных комфортных школ на 12 200 мест

Ақмола облысы Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салу жөніндегі тапсырманы сәтті іске асырған Қазақстандағы жалғыз өңір болды. Бүгінгі таңда өңірде 12 200 орындық барлық жоспарланған 9 заманауи мектептің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектеп оқушыларының оқу жағдайларын едәуір жақсартты және жұмыс істеп тұрған мектептердің жүктемесін азайтты. Барлық білім беру нысандарының құрылысы облыс әкімдігінің бақылауында болды.

Бір жыл ішінде облыс орталығында 2 жайлы мектеп салынды,

Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Қаражар, Қоянды, Қабанбай батыр және Ақмол ауылдарында 7 жаңа мектеп бой көтерді. Елорданың жанында орналасқан елді мекендерде осындай нысандардың құрылысы елордалық білім беру нысандарының жүктемесін азайтуға мүмкіндік берді. Айта кетейік, Қоянды ауылындағы 2 мың оқушы орнына есептелген мектепте 4 спорт залы жұмыс істейді.

Жоба аясында салынған мектептер ауылдық және қалалық білім беру мекемелері үшін бірыңғай стандарттарға сәйкес келеді және әдеттегі көрсеткіштерден 4 есе артық заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. Ғимараттардың ауданы стандартты мектептерден 15-20% кең, ал оқушылар үшін жаңа модификация кабинеттері, спорт залдары, STEM-зертханалар, кең асханалар, кітапханалар мен спорт алаңдары қарастырылған.

Бір ауысымды мектептерге күннің екінші жартысында үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік бар, бұл физикалық және интеллектуалдық дамуға әртүрлі мүмкіндіктер береді.

Осылайша, Ақмола облысы білім беру инфрақұрылымын табысты дамытуды жалғастырып, жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасайды.

Акмолинская область стала единственным регионом
в Казахстане, где успешно реализовано поручение Президента по строительству школ в рамках национального проекта «Комфортная школа». На сегодняшний день в регионе полностью завершено строительство и введены в эксплуатацию все 9 запланированных современных школ на 12 200 мест. Это значительно улучшило условия обучения школьников и разгрузило действующие школы. Строительство всех объектов образования находилось под  контролем акимата области.

За год в областном центре возведены 2 комфортные школы,
в пристоличных селах Талапкер, Караоткель, Каражар, Коянды, Кабанбай батыр и Акмол Целиноградского района построено 7 новых школ. Строительство таких объектов в населённых пунктах, расположенных рядом со столицей, позволило разгрузить столичные объекты образования. Стоит отметить, что в школе села Коянды, рассчитанной на 2 тыс. ученических мест, функционируют 4 спортивных зала.

Школы, построенные в рамках проекта, соответствуют единым стандартам как для сельских, так и для городских образовательных учреждений, и оснащены современным техническим оборудованием, которое в 4 раза превышает обычные показатели. Площадь зданий на 15-20% больше стандартных, а для учащихся предусмотрены кабинеты новой модификации, спортивные залы, STEM-лаборатории, просторные столовые, библиотеки и спортплощадки.

Обучение в одну смену позволяет школьникам во второй половине дня посещать кружки и спортивные секции, что дает разнообразные возможности для физического и интеллектуального развития.

Таким образом Акмолинская область продолжает успешно развивать образовательную инфраструктуру, создавая комфортные условия для учебы и воспитания нового поколения.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий