85 мың теңге, зиянды жұмыс, кредит. Қошанов Жолдаудағы негізгі мәселелерді атады Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов

85 мың теңге, зиянды жұмыс, кредит. Қошанов Жолдаудағы негізгі мәселелерді атады Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерген негізгі мәселелерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Экономиканы трансформациялау, азаматтардың тұрмысын жақсарту бойынша ауқымды міндеттер қойылды. Біз кеше ғана өңірлерді аралап келдік. Сондықтан халықты толғандырып отырған мәселелерді жақсы білеміз, – деді Қошанов.Сөзінше, ол – әр отбасының берекелі өмір сүруі, тұрақты жұмыс, лайықты жалақы, балалардың амандығы мен қауіпсіздігі. Ең бастысы – еліміздегі тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылық.Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін осы және жұртшылықты алаңдатқан өзге де мәселелердің бәріне нақты жауап берді. Президент азаматтарға қамқорлық жасау, олардың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің басты назарында екенін тағы да айқын көрсетті. Мәселен, келер жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгеге дейін көтеріледі, – деді Мәжіліс спикері.Ерлан Қошановтың айтуынша, бұл шара аясында 1,8 миллион адамның ең төменгі жалақысы өседі. Оның 350 мыңы бюджет саласының қызметкерлері.Сонымен қатар, зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау туралы тапсырма берілді. Мұны мемлекет қамқорлығының нақты мысалы дер едім. Бұл мәселе сайлаушыларымыздың тарапынан талай рет көтеріліп, көптен бері шешімін таппай келеді. Тұрғындардың кредитті шамадан тыс алуы да Президентті қатты алаңдатып отыр. Соңғы кездері бұл әлеуметтік шиеленістің негізгі себебінің біріне айналып келеді, – деп түсіндерді ол.Қошанов атап өткендей, бүгінгі таңда елімізде миллионнан астам қазақстандық несиесін төлей алмай отыр. Мемлекет басшысы бұған да нақты жауап берді. Осы орайда азаматтарды жаппай қаржылық сауаттылыққа оқытудың ауқымын кеңейтуді тапсырды.Халықтың тұрмыс сапасы экономикалық өсімге тікелей қатысты. Ал жаңа экономикалық серпіліс жасау үшін мемлекетімізде мүмкіндік мол. Мұны Президентіміз ерекше атап өтті. Бұл – қазіргі күрделі жағдайда елдің бүкіл экономикалық моделін қайта қарауды талап ететін ауқымды міндет. Біздің экономикамыз тиімді болуы керек. Осы жолда еліміздің барлық артықшылығы мен мүмкіндігін дұрыс пайдалануға тиіспіз, – деп айтты Мәжіліс төрағасы жалпы отырыста.Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жариялағанын еске сала кетейік.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Жергілікті бюджетті басқару құқығы аудан әкімдерінің жауапкершілігін арттыра түседі – Еркін ТұқымовАСТАНА.

Жергілікті бюджетті басқару құқығы аудан әкімдерінің жауапкершілігін арттыра түседі – Еркін ТұқымовАСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді ұсынды. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бұл – аудан әкімдері үшін өзін-өзі басқару жүйесінде мүмкіндік беретін маңызды қадам. Әкімдерге аудан қаражатын жұмсағанда орталық органдардың сан келісімін алудың қажеті жоқ. Оның үстіне, әкім жергілікті мәселелермен жақсы таныс. Мектеп салу керек пе, емхана салу керек пе?.. Ондай шешімдерді қабылдағанда ұзын-сонар келісім жасау тиімсіз. Қаржыны басқаруға келгенде орталықтандырылған жүйеге тәуелді болмайды», – деді Еркін Тұқымов.Институт басшысының айтуынша, қаржыны басқару құқығын беру аудан әкімдерінің еркін болып, өз бетінше шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.«Бір жағынан бұл құрал аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі. Бұл – демократиялық практика», – дейді ол.Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беруді ұсынған еді.«Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл – ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет. Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті, барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек», – деді Президент.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мемлекет басшысы қолға алған саясат баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған – Мәулен ӘшімбаевАСТАНА.

Мемлекет басшысы қолға алған саясат баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған – Мәулен ӘшімбаевАСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Бұл туралы жалпы отырыста Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жолдау әрдайым ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі әлемдегі күрделі ахуал мемлекеттердің дамуына әсерін тигізуде. Осындай қиын кезеңде Президентіміз халықтың тұрмыс сапасын арттыруға аса мән беріп отыр. Жолдауда жаңа экономикалық саясаттың нақты әрі тиімді тетіктері анықталды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың жүйелі механизмдері көрсетілді. Бәріне бірдей түсінікті, ашық, әділетті салық саясатын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Инвестиция тарту үшін қолайлы бизнес-климат қалыптастыруға үлкен мән берілді», – деп тоқталды Мәулен Әшімбаев.Сенат төрағасы Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау үшін Сенат депутаттары тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін мәлім етті.«Мемлекет басшысы қолға алып отырған саясат халықтың әл-ауқатын арттыруға және баршаға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Яғни, бұл бастамалар әділеттілік қағидаларының барлық сала жүзеге асуына мүмкіндік жасайтыны сөзссіз», – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Касым-Жомарт Токаев потребовал ужесточить наказание за любые формы насилия над детьмиАСТАНА.

Касым-Жомарт Токаев потребовал ужесточить наказание за любые формы насилия над детьмиАСТАНА. КАЗИНФОРМ – У каждого ребенка в стране должно быть счастливое и безопасное детство. Об этом заявил Глава государства, выступая с Посланием народу на открытии очередной сессии Парламента РК, передает МИА «Казинформ».«В основе стратегии экономического развития Казахстана будут находиться интересы и потребности наших граждан, то есть она должна быть максимально человекоцентричной. С этой целью мы должны постепенно, но неуклонно дистанцироваться от модели сырьевого государства», – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.Как отметил Президент, ежегодно в нашей стране рождается более 400 тысяч детей. Уже до конца года население Казахстана достигнет 20 миллионов человек. Растет и средняя продолжительность жизни, по итогам прошлого года она превысила 74 года. Наша страна считается одной из самых «молодых» в мире – средний возраст граждан составляет всего 32 года. Около трети населения – молодежь.Глава государства поставил задачу перед Правительством – превратить текущие демографические тенденции в конкурентные преимущества.«Основы формирования гармоничной личности и ответственного гражданина закладываются в детском возрасте. У каждого ребенка в стране должно быть счастливое и безопасное детство. В качестве Главы государства требую ужесточить наказание за любые формы насилия в отношении несовершеннолетних», – сказал Касым-Жомарт Токаев.Особое внимание, по словам Президента, следует уделить вопросам безопасности дорожной инфраструктуры, зданий, одежды, продуктов питания для детей.Важно также психическое здоровье подрастающего поколения. Требуется институционально усилить в образовательных учреждениях службу психологической поддержки, организовать единый телефон доверия и разработать действенную программу помощи жертвам насилия и буллинга.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Кей адамдардың мәдениетсіздігі еліміздің халықаралық абыройына нұқсан келтіріп жүр – ПрезидентАСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт

Кей адамдардың мәдениетсіздігі еліміздің халықаралық абыройына нұқсан келтіріп жүр – ПрезидентАСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында құқық қорғау мекемелерінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау мекемелері және аймақ басшылары осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етпейді. Соның салдарынан қоғамымызда ұдайы келеңсіз оқиғалар болып жатады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мысалы, даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіріп жүр.«Тағы да айтамын: біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий