Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

🟦Мемлекет басшысы сөз басында қонақжайлық танытып, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке ілтипат білдіріп, Әзербайжанның аталған кеңеске толық мүше ретінде қосылуын тарихи шешім деп бағалады. Сондай-ақ Бакудің жаңа статуста аймақ ынтымақтастығын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатынына сенім артты.

🟦Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтты.

– Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Сондықтан «Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді. Бұған биыл негізгі шетелдік серіктестермен өткен саммиттер дәлел бола алады. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің басты мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту және орнықты прогресс үшін жағдай жасау, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқатын, бақуатты тұрмысын қамтамасыз ету. Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты отключены

Касым-Жомарт Токаев прибыл в Конгресс-центр Ташкента для участия в VII Консультативной встрече глав государств Центральной Азии

🇰🇿🇺🇿Главу государства встретил Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Касым-Жомарт Токаев прибыл в Конгресс-центр Ташкента для участия в VII Консультативной встрече глав государств Центральной Азии отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді

🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді отключены

🇰🇿🇺🇿Глава государства провел переговоры с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

✔️Касым-Жомарт Токаев выразил признательность Шавкату Мирзиёеву за приглашение посетить Ташкент с государственным визитом, а также за теплый прием и традиционное гостеприимство.

✔️В ходе встречи главами государств были обстоятельно обсуждены дальнейшие перспективы развития казахско-узбекского стратегического партнерства и союзничества.

✔️Президенты рассмотрели вопросы укрепления сотрудничества в таких приоритетных направлениях, как торговля, промышленная кооперация, транспорт и логистика, энергетика, сельское хозяйство, водные ресурсы, а также взаимодействие в культурно-гуманитарной сфере.

✔️Состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇺🇿Глава государства провел переговоры с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым отключены

🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

✔️Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

✔️Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи 🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді отключены