Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының алғашқы тұрғындарынапәтерлер берілді

Бүгін Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттері тапсырылды. 

Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыс етті, ол мемлекет залалды азайту үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын», – дедіМарат Ахметжанов.

Мемлекеттік қордан алғашқы тұрғын үй алушылар Қапаровтар және Никулиндер көпбалалы отбасылары болды. Алынған пәтерлерді тұрғындар өздері таңдады. Пәтерде тұру үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

«Президентке біздің мәселелерімізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз.  Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш, балалар риза, барлығына үлкен рахмет.  Біз өз тарапымыздан осы үйде тек қуанышты сәттердің болуына тырысамыз», – деді Сәуле Қапарова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетілетінін және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Өңірде шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады. Кеше облыс орталығының 174 отбасы 
65 млн. теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды.  Сондай-ақ, материалдық шығындардыбағалау және өтеу жөніндегі комиссия 
12 отбасына 8 млн. теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды. 

Сонымен қатар, арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан әрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізуде.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

14 номер 15 апреля 2024

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Отандық ақпараттық кеңістікте және өзге де әлеуметтік медиада су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте олар блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және бұқаралық ақпарат құралдарында  жалған ақпарат тарату белгілері бар пайдаланушылардың пікірлерімен бірге жүреді, олар жалған қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық құқықтық тәртіпке теріс әсер етеді.

Мұндай теріс мәліметтерді тарату негізінен қасақана, өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде жүзеге асырылады.

Көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұндай іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделгенін, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және жоғарыда аталған кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы     

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Уважаемые жители Акмолинской области!

В отечественном информационном пространстве и иных социальных медиа участились случаи распространения недостоверной информации о проводимых противопаводковых мероприятиях.

При этом они сопровождаются провокационными высказываниями блогеров и комментариями пользователей, имеющими признаки распространения ложной информации в средствах массовой информации, которые формируют не только ложное общественное мнение, но и негативно влияют на общественный правопорядок.

Распространение таких недостоверных сведений в основном осуществляются умышленно, в собственных или в интересах третьих лиц.

Указанные действия, направленные на распространение заведомо ложной информации являются административно-уголовно наказуемыми деяниями и влекут ответственность по статьям 456-2 Кодекса об административных правонарушениях и статьям 274 Уголовного кодекса Республики Казахстан в виде лишения свободы до одного года соответственно.

В связи с этим, прокуратура Акмолинской области призывает граждан, представителей средств массовой информации, пользователей социальных сетей неукоснительно соблюдать законодательство и не допускать совершения любых приведенных выше правонарушений, не поддаваться провокациям и доверять только официальным источникам.

Прокуратура Акмолинской области     

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Мусралимова А.Е. (Акмолинская область)

Мусралимова А.Е. (Акмолинская область)
• https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0rRzfQFExKeuHu1ch3Kwh7yCWSdPQjSvDRvU2xRPRXASujfjRfD8ufKxBMonBmDPcl&id=100017511708758

Рубрика: Архив | Оставить комментарий