Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ-де әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың таралу деректері артқаны мәлімделді.

Қоғамдық кеңістікте, оның ішінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәліметтер тарату жағдайлары тіркелуде. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Ішкі істер министрлігі Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заң бұзушылыққа жатпайтынын еске салады.

Жауапкершілік тек қана көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін көзделген.
Қазіргі уақытта азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталуда.

— Біз азаматтарды дұрыс шешім қабылдауға, арандатуға ермеуге және тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Ішкі істер министрлігі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және кез келген тұрақсыздандыру әрекеттерін қатаң ден қояды, — деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

Ішкі істер министрлігі көрінеу жалған ақпарат тарату мен арандатушылық әрекеттер, себеп-салдарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

Заң мен тәртіп — бәрінен жоғары.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті отключены

МВД предупредило об ответственности за распространение ложной информации и провокации

В МВД заявили о росте случаев распространения недостоверной информации и провокационных сообщений в социальных сетях и мессенджерах.

Отмечается, что в публичном пространстве намеренно искажаются факты и распространяются ложные сведения, в том числе касающиеся проекта новой Конституции Республики Казахстан. Такие действия вводят граждан в заблуждение и создают риски дестабилизации общественной обстановки.

МВД напоминает, обсуждение проекта Конституции, выражение мнений и позиций граждан не является нарушением закона.

Ответственность предусмотрена исключительно за распространение заведомо ложной информации и искажение фактов. Выявляются и другие случаи недостоверной информации, направленные на введение граждан в заблуждение и дестабилизацию общественной обстановки.

— Призываем граждан сохранять здравый смысл, не поддаваться на провокации и пользоваться исключительно официальными и проверенными источниками информации, — подчеркнул Шынгыс Алекешев.

Министерство внутренних дел отмечает, что распространение заведомо ложной информации и провокационные действия, независимо от мотивов, влекут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Закон и порядок — превыше всего.

ЗАКОНИПОРЯДОК

Рубрика: Архив | Комментарии к записи МВД предупредило об ответственности за распространение ложной информации и провокации отключены

Олжас Бектенов провел совещание по вопросу организации разъяснительной работы в контексте обсуждения проекта новой Конституции

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросу разъяснения населению проекта новой Конституции РК. Участие приняли члены Правительства и акимы регионов.

✔️ Премьер-министр поручил министерствам и акиматам всех уровней активизировать всестороннее разъяснение гражданам проекта новой Конституции.

▫️ Особое внимание уделено борьбе с фейками и дезинформацией. В социальных сетях и мессенджерах фиксируются провокационные публикации, не соответствующие действительности. Министерству внутренних дел поручено обеспечить жесткое правовое реагирование и привлечение к ответственности за распространение ложных сведений в строгом соответствии с принципом «Закон и Порядок».

▫️ Координация закреплена за заместителем Премьер-министра – министром культуры и информации Аидой Балаевой.

📱 @KZgovernment

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Олжас Бектенов провел совещание по вопросу организации разъяснительной работы в контексте обсуждения проекта новой Конституции отключены

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

✔️ Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

▫️ Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

▫️ Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

📱 @KZgovernment

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді отключены

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды.

Серік Рахметоллаұлы жиналған қауымды ел болашағы үшін маңызды құжаттың басым бағыттарымен таныстырып, ұсынылған Конституция жобасын мұқият зерделеуге және шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық жарияланымдардың ықпалына түспей, тек ресми құжатқа сүйене отырып, сындарлы пікір қалыптастыруға шақырды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бірпалаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Конституция жобасының жаңа редакциясында преамбула, 11 бөлім және 95 бап бекітілу ұсынылды. Онда адам құқықтары мен бостандықтары — мемлекеттің басты басымдығы ретінде анықталып, бірлік, ұлтаралық және дінаралық келісім мемлекеттік құндылық ретінде бекітілді. Білім, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттары ретінде аталып, цифрлық құқықтарды қорғау мен саяси институттарды қайта құру сияқты жаңа нормалар енгізілді. Бұл өзгерістер елдің құқықтық жүйесін заманауи талаптарға сәйкес нығайтуға бағытталған.

«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата Заң жобасын бірауыздан қолдап, оның құқықтық мемлекетті нығайту және Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа Конституция бойынша нақты шешім халық тарапынан жалпыұлттық референдумда қабылданады. Конституциялық комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының Төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды. отключены