Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында атом энергиясын дамыту маңызына тоқталып, атом электр стансасын салу шешімін бұқара халықтың талқысына ұсынатынын мәлім етті. Бұл әрине, әділетті шешім. Сала маманы және жетекшінің бірі ретінде АЭС-тің басқа энергия көздерінен (cу, көмір, газ, жел, күн) артықшылығына аз-кем тоқталғым келді.
Судан энергия өндірейік десек, елде таулар мен одан сарқыраған бұлақтар, өзендер тым аз. Негізінен жазық жерде орналасқан ел болған соң жаңа әрі «жасыл энергия» көзіне ұмтыламыз. Бүгінгі күнде ол – АЭС. Энергияның бұл түрі көмір, газ, гидроэнергетика, жел және күн сияқты басқа энергия көздеріне қарағанда да бірқатар артықшылыққа ие.
Ең алдымен, АЭС электр энергиясының тұрақты және қуатты өндірісін қамтамасыз етеді. Ол желінің негізгі жүктемесін үзіліссіз сақтай алады. Сондай-ақ тиімділігі климаттық жағдайларға байланбайды. Нақтырақ айтқанда, жел мен күн сияқты жаңартылатын көздерден айырмашылығы, АЭС тұрақты және сыртқы факторларға тәуелсіз жұмыс істейді.
Сонымен қатар атом электр стансасында көмірқышқыл газы шығарындыларының минималды деңгейі бар. Бұл оның дәстүрлі көмір және газ стансаларымен салыстырғанда, экологиялық таза нұсқа екенін көрсетеді.
Тағы бір маңызды артықшылығы – ядролық отынның жоғары энергия сыйымдылығы. Ол көмір немесе газбен салыстырғанда, шикізаттың аз көлемінде айтарлықтай көп электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл қазба ресурстарына тәуелділікті азайтады және энергия өндіруді үнемді етеді.
АЭС беріктігі және сенімділігімен де ерекшеленеді. Оны пайдалану ондаған жыл бойы жалғасуы мүмкін. Қазіргі реакторларды пайдалану мерзімі 20-60 жыл деп саналады. Бұл 80 жылды білдіреді. Ішінара жаңғыртумен тағы 20 жылға дейін ұзартуға болады. Сонда бір АЭС елді энергиямен 100 жылға дейін тапжылмай қамтамасыз етеді. Бұл энергиямен жабдықтаудың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бұлардан бөлек, АЭС-ті орналастыру үшін күн немесе жел электр стансаларына қарағанда едәуір аз аумақ жеткілікті. Бұл қуатты энергетикалық нысандарды құру кезінде жер ресурстарын дұрыс пайдалануды оңтайландырады.
Тимур Жантикин,
«Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас директоры
АЛДИЯР ТОКТАРОВ, ПРЕДСЕДАТЕЛЬ АССОЦИАЦИИ РАЗВИТИЯ АТОМНОЙ ИНДУСТРИИ КАЗАХСТАНА
Как объявил Президент Касым-Жомарт Токаев в Послании, референдум по вопросу строительства АЭС состоится 6 октября. И думается, большинство казахстанцев уже определилось с позицией, понимая, что без развития атомной энергетики Казахстану придется очень сложно.
инфографика Натальи Ляликовой
Сам я работал в «Казатомпроме». И хочу заверить, что атомная энергетика открывает большие перспективы как для развития промышленности, так и для профессионального роста кадров. Причем в Казахстане уже есть определенные части ядерно-топливного цикла, которые благодаря строительству АЭС получат еще большее развитие.
Сейчас мы уже начинаем употреблять такие слова, как «конверсия» или «обогащение». Очень рад, что сегодня эти вещи обсуждаются, люди ими интересуются.
Также следует учитывать, что АЭС – огромный инфраструктурный проект, для реализации которого, в том числе, понадобятся товары отечественного производства. А значит, получат импульс наши промышленные, строительные предприятия.
И знаете, самое большое, во что я верю, – это в то, что этот проект очень хорошо повлияет на качественную подготовку отечественных кадров. Атомная отрасль ведь не терпит дилетантства. Необходимо глубокое понимание ее особенностей.
Буду очень рад, если наши студенты в университетах, для которых мы часто проводим мероприятия, рассказывающие об атомной энергетике, станут ведущими мировыми экспертами. Очень надеюсь, что люди найдут себя в этой отрасли, смогут построить благосостояние для себя, своей семьи.
Давайте сделаем так, чтобы наша система образования смогла взрастить своих Курчатовых!
Профессор Юрий Пак, рассуждая о строительстве АЭС, призывает доверять научным данным
Перед референдумом, который назначен на 6 октября, каждый казахстанец должен определиться со своей позицией по вопросу строительства в Казахстане атомной электростанции. И здесь должны возобладать не эмоции, а здравый смысл, основанный на научных данных. В этом убежден доктор технических наук, профессор Карагандинского технического университета им. А. Сагинова, академик КазНАЕН Юрий Пак.
Профессор более полувека занимается наукой и следит за развитием ядерных технологий. Юрий Николаевич понимает, что Семипалатинский ядерный полигон принес казахстанцам множество несчастий. Но АЭС к оружию массового уничтожения не имеет никакого отношения.
– Понимаю опасения людей, живших рядом с Семипалатинским полигоном. Но не надо путать! На полигоне испытывалось ядерное оружие. Оно было направлено на то, чтобы уничтожить как можно больше людей, загрязнить радиацией как можно больше территории. А мирный атом и прежде всего АЭС – это совершенно другое, – говорит профессор Пак. – Это источник экологически чистой энергии, которая призвана улучшить нашу жизнь. Современный уровень развития науки и техники очень высок, особенно в атомной промышленности. Сейчас проектируются и строятся реакторы третьего поколения, вероятность возникновения аварий на которых практически сведена к нулю.
Юрий Пак считает, что по республике все еще бродит «призрак Чернобыля». Люди, выступая на общественных слушаниях по вопросу строительства АЭС в Казахстане, часто вспоминают события почти сорокалетней давности и признаются, что боятся повторения той страшной чернобыльской аварии.
Но при этом мало кто знает, что за истекшие 38 лет ученые во всем мире кардинальным образом усовершенствовали систему защиты. Они обезопасили современные реакторы как от воздействия пресловутого человеческого фактора, так и от стороннего вмешательства.
– Даже если оператор, работающий на АЭС, допустит какую-то ошибку, она не приведет к ЧП. Ибо сработает заложенная проектировщиками система защиты, – поясняет эксперт. – Современные атомные реакторы располагаются на большой глубине. У них есть защита из стали и бетона толщиной в полтора метра. Поэтому даже если на объект спикирует пассажирский «Боинг» (эта мера введена после памятной всем атаки 11 сентября 2001 года на башни-близнецы в Нью-Йорке) или произойдет другой подобный теракт, то выброса радиации из активной зоны реактора не произойдет. Поэтому когда граждане заявляют о том, будто АЭС представляет радиационную опасность – это не более чем обывательские разговоры. Исследования показывают: даже возле корпуса реактора радиационный фон ниже, чем, например, возле угольной шахты.
О радиации на шахтах и рудниках Юрий Николаевич знает не понаслышке. Ведь он много лет занимается изучением радиоэкологических аспектов энергетических углей.
Сейчас почти 70% электроэнергии в Казахстане вырабатывается на ТЭЦ и ГРЭС за счет сжигания угля и мазута. В результате образуется огромное количество золошлаковых отходов, которые скапливаются в специальных отвалах. В них, как показывают исследования, содержится большое количество радиоактивных элементов.
По сути, огромные территории золоотвалов становятся экологически грязными и непригодными для использования. Это еще одна причина, по которой следует постепенно отказываться от станций на каменном топливе.
– Есть такое мнение, мол, зачем нам атомная энергия, если у нас угля хватает? – продолжает профессор Пак. – Да, угля у нас много. Но он экологически небезопасен. А вот топливом для АЭС является уран. Казахстан занимает первое место в мире по его добыче. Это большой плюс. Вот уже несколько лет в Усть-Каменогорске выпускают тепловыделяющие элементы – это «горючее» для АЭС, которое у нас охотно покупают многие страны. То есть оно у нас свое. Одна «таблетка» такого топлива может заменить 100 тонн угля по количеству выделяемой энергии. Представляете, какая огромная выгода!
Также осуществляются попытки убедить общественность, что в нашей стране нет ни опыта эксплуатации ядерных реакторов, ни специалистов в этой отрасли. И то, и другое Юрий Пак считает заблуждением. Ему ли не знать, что в советское время в Шевченко (ныне – Актау) на берегу Каспийского моря более 20 лет успешно работал первый в мире промышленный реактор на быстрых нейтронах.
Он опреснял воду для жителей Мангышлака, а также обеспечивал их теплом и электроэнергией. Этот реактор обслуживали отечественные специалисты, и никаких нештатных ситуаций с ним за время эксплуатации не произошло. Он был остановлен в 1999 году скорее по внутриполитическим причинам. Но на этом использование мирного атома в Казахстане не закончилось.
– В Институте ядерной физики в Алматы есть исследовательский ядерный реактор. Он действует уже более 60 лет без каких-либо эксцессов, – отмечает Юрий Николаевич. – Здесь проходят подготовку и набираются опыта молодые ученые-ядерщики. Сам я учился в России, в Томском политехническом институте. А сейчас специалистов для атомной отрасли готовят в нескольких отечественных вузах, среди которых КазНУ имени Аль-Фараби, ЕНУ имени Льва Гумилева и Восточно-Казахстанский технический университет. Поэтому дефицита кадров у нас нет и не будет.
Карагандинский эксперт поддерживает идею строительства АЭС в Казахстане. При этом он не умаляет роль возобновляемых источников энергии. ГЭС, солнечные и ветряные электростанции, по его мнению, нужны, но коэффициент использования их мощности достаточно низкий. К тому же работа зависит от погодных условий. АЭС же вырабатывает электроэнергию круглосуточно.
– От мирного атома нет радиации, нет парникового эффекта, – подчеркивает специалист по ядерным технологиям. – Сейчас Казахстан испытывает дефицит электроэнергии, который будет только нарастать. А чтобы развивать промышленную экономику, нам нужны мощности. Поэтому надо скорее приступать к строительству АЭС. Ведь это долгий процесс. На него потребуется не менее 7–10 лет.
Ученый не хочет возвращаться в «темные» 90-е годы прошлого века с их «веерными» отключениями электроэнергии и кострами во дворах.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне тағы да оралып, бұған дейін айтылған республикалық референдумның нақты өтетін күнін бекітті. Алдағы 6 қазанда ел тұрғындары бір кісідей атсалысып, аталған мәселеге орай өз таңдауларын жасауға тиіс.
Атом электр стансасының әлеуеті және еліміздегі бұл бағыттың келешегі туралы айтар болсақ, еліміздің Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Ол жерде осы саланың білікті мамандары еңбек етеді. Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында радиоактивті материалдармен жұмыс істей алатын ядролық саланың иелері бар. Одан бөлек, Алматыда 60 жылдан бері Ядролық физика институты жұмыс істеп тұрғанын көп адам білмеуі де мүмкін. Бір ай бұрын мен сол жерге арнайы барып, жұмысымен таныстым. Оның барлық қызметі МАГАТЭ-нің тікелей бақылауымен жүргізіледі.
Институттың академиктер мен профессорлардан құралған басшылығы маған болашақ АЭС үшін жоғары білікті 400 маман дайындап беруге мүмкіндік барын жеткізді. Бұл мамандар оқу-жаттығуға арналған макетте емес, жұмыс істеп тұрған ядролық реакторларда даярланады. Тек жатақхана мәселесін шешіп беруді сұрап отыр.
Институт басшылығының сөзіне сүйенсек, біздің елімізде АЭС үшін маман дайындауға әлеуетіміз толық жеткілікті. Біз осыны халыққа жеткізуіміз керек.
Бұған уран қоры жөнінен әлемде алдыңғы қатарда екенімізді қосып қойыңыз. Сонымен бірге, елімізде ядролық отын өндіретін Үлбі зауыты жұмыс істеп, өнімдерін шығарып жатыр.
Қазіргі таңда елімізде оңтүстік аймақ электр энергиясын көп тұтынады. Ал электр стансаларының бәрі солтүстікте орналасқан. Сондықтан да атом электр стансасын оңтүстік жақтан салу жоспарланып отыр. Бұл жерде 1979 жылы Екібастұз көмірін пайдаланатын «Оңтүстік Қазақстан гидроэлектр стансасы» салынуға тиіс болатын. Таңдалған орны керемет. Теміржол келіп тұр, елдің маңызды орталықтарынан қашықта орналасқан. Егер 6 қазанда ел халқы қолдап дауыс берсе, осы жерде АЭС салынбақ.
Жалпы АЭС тақырыбының елімізде талқыланып жатқанына 30 жылға жуықтап қалды. Алғаш рет ол 1998 жылы көтерілді, сосын 2005 жылы, кейін 2011 жылы талқыланды. Бірақ әрдайым халық тарапынан қолдау таппай келді. Алайда бір жыл бұрын АЭС мәселесін Президенттің өзі көтеріп, биыл көктемде референдум өткізу қажеттігін айтты. Яғни соңғы шешімді халықтың өзіне қалдырып отыр. Менің айтарым, бұл мәселені одан әрі соза беруге болмайды. Өйткені қазір біз қолданып жүрген заттың бәрі электр тогы арқылы жұмыс істейді. Электр энегриясына деген қажеттілік жыл санап өсіп жатыр. Сондықтан АЭС – осы қажеттілікті өтейтін керемет мүмкіндік.
Біз кезінде Ақтауда 30 жылға тақау Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты жұмыс істегенін білеміз. Алайда 90-жылдары популистердің ықпалымен оны жауып тындық. Осы стансаны жаппағанда қазіргідей проблема болмас та еді. Сондықтан алда өтетін республикалық референдумда халқымыз дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін.
Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын аясында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін мәлімдеді. Референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтпек. Осыған орай “Қазақ үні” ақпарат агенттігі “Қазақстан атом электростанциялары” ЖШС атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябековпен тілдесіп, АЭС қатысты бірқатар сұрақтар қойған еді.
– Қазақстанға АЭС салу қаншалықты қажет?
Экономика, энергетика екеуі егіз ұғым. Бұл салалар бір-біріне тәуелді. Бірінсіз бірін елестетуге келмейді. Яғни, энергетика дамымаса, сәйкесінше, экономикада да ілгерілеу болмайды. Бір күн емес бір сағатқа қуат көзі өшсе, жағдайдың қалай болатынын білесіз. Демек, адамға да өндірісіке де қажетті басты ресурс ол – энергия. Қысқасы, ел экономикасында тоқырау емес өсім болсын десек, бірінші кезекте энергетика саласын дамыту керек. Ал, әлемдік ғалымдардың «алда энергия жетіспеушілі болады» деп дабыл қаққаны кеше емес. Бұл өзекті мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Жаңа АЭС сұранып тұрған мәселе. АЭС ол – ғылымның жетістігі.
Ия, асылында энергетикалық қауіпсіздік кез келген мемлекеттің негізі, өйткені ол жоғарыда да атап айттық мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігіне және сол елде өмір сүріп жатқан барша халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Қауіпсіз әрі таза энергия көзі АЭС әлем елдері арасында танымал. Айталық, дүние жүзінде 31 елде 415 реактор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда атом энергиясы әлемдегі электр энергиясының шамамен 10%- ын қамтамасыз етеді. Атом энергетикасының қуаты едәуір елдер: АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (36 реактор), Үндістан (20 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Жапония (12 реактор). Бір мемлекет үшін бұл энергетикалық қауіпсіздік, енді бір ел үшін экологияны жақсарту жолы, тағы бір мемлекет оны экономикалық мақсатта қолданады. Мұндағы ең басты мақсат – энергетикалық тәуелділікті жою. Қауіпсіз қуат көзін өндіру.
Атом электр станциясы – ол бірнеше мыңдаған жылдар бойы энергия тапшылығынан құтқару. 2050 жылға қарай барлық әлем елдерінің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 ГВт дейін яғни 2 есеге өседі деген болжам бар. Бұл халықаралық агенттіктің ұсынған мәліметі. АЭС – базалық генерацияның ең экологиялық таза түрі. Атом электр станциясынан экология еш зардап шекпейді. Атом электр станциялары көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан, одан мүлдем экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр станциялары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) ұйғарымымен, тек осы атом энергетикасы ғана парниктік газды ең аз бөлетін энергия түрі деп бекітілген.
Ал, одан өзге энегрия түрлері, мәселен: көмір – 820 грамм/кВт/сағ (СО2 баламасы), табиғи газ – 490 грамм, су электр станциялары – 24 грамм, СЭС (күн концентраторы) – 48 грамм, атом – 12 грамм бөледі.
Атом энергиясы қазіргі жаһандық жылынумен күресу құралдарының негізі. Мысалы, Еуропадағы атом электр станциялары жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларын болдырмайды.
– АЭС-тің қоршаған ортаға әсері қандай?
АЭС – қоршаған орта мен адам денсаулығына кесірі әсері жоқ. Атом электр станциясын салудағы басты негізгі басымдық пен принциптің бірі – оның қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы. Алдын ала бағалаулар жүргізілген болатын. Нәтижесінде, атом электр станциясын салу және оны пайдалану кезінде Балқаш көлі немесе Ертіс өзенінің экожүйесіне ешқандай қауіптерді анықтаған жоқ. Мұнымен жұмыс тоқтамайды. Әрі қарай жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезеңінде ғылыми және инженерлік мамандар жан-жақты және жан-жақты зерттеу жұргізетін болады. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше 2021 жылғы қыркүйектегі жағдайға сәйкес, Ертіс өзені бассейнінің су ресурстары 30,4 млрд м3 құрайды. Атом электр станциясының технологиялық циклі кезінде судың булануынан болатын шығын жылына шамамен 63 млн м3 деп бағаланды (қуаты 2400 МВт атом электр станциясы үшін). Бұл жалпы су ресурстарымен салыстырғанда пропорционалды түрде әлдеқайда аз. Осыған байланысты атом электр станцияларының су тұтынуы Ертіс өзені бассейнінің жағдайына айтарлықтай әсер етпеуі керек деген болжам жасалды.
Балқаш-Алакөл бассейні су ресурстарының көлемі 25,2 млрд м3 деп бағаланады, бұл да атом электр станциясын салқындату үшін қажетті көлемнен айтарлықтай көп, сондықтан станция бұл бассейннің су құрамына кері әсер етпейді. Жалпы әлемде табиғи су қоймаларының жағасында атом электр станцияларын салу тәжірибесі кең тараған және атом электр станцияларын пайдаланатын дүниежүзінде станциялардың су қоймасына теріс әсер ету факторлары әлі бірде-бір рет кездескен жоқ.
Керісінше, тәжірибе көрсеткендей, атом электр станцияларын қоршап тұрған экожүйе белгілі бір даму үстінде. Мысалы, атом электр станцияларының салқындатқыш тоғандарында балықтар олардың алуан түрі жиі өсіріледі, кейбір жағдайларда балық аулау бойынша халықаралық чемпионаттар өткізіледі. Сондықтан, сарапшылар атом электр станциясы – базалық қуаттың тұрақты әрі сенімді көзі дегенді зор сеніммен айтады.
– Бізде АЭС қызметін қамтамасыз ете алатын кадрлар жеткілікті ме?
Кадр қалай болады деп алаңдауымыз мүмкін. Оған да алаңдауға негіз жоқ. Қазақстанда кәсіби ортада көпшілікке жақсы танымал Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты табысты жұмыс істеуде, шетелдік атом электр станциялары үшін отын таблеткалары мен отын жинақтарын шығаратын зауыт салынды. Қазақстанның 4 жоғары оқу орны атом саласы үшін мамандарды дайындайды.
«Болашақ» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектері физикасы», «Техникалық физика (Атом электр станциялары мен қондырғылары), «Ядролық инженерия» мамандықтары бойынша 21 бакалавр, 12 магистр және 1 маман білім алды.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес, атом электр станциясының жұмыс істеу кезеңінде орта есеппен 2000-ға жуық жоғары және орта арнаулы білімі бар персонал қажет.
Осы мақсатта болашақта атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Кадрларды даярлау жоспары жеке әзірленіп, қабылданады, оның негізінде қажетті мамандар санын дайындау ұйымдастырылады. Бұл ретте атом электр станцияларының өнеркәсіптік өндірістік персоналының шамамен 20%-ын ядролық білімі бар зауыт қызметкерлері құрайды.
-АЭС еліміздің ғылыми әлеуетіне қандай әсерін тигізеді?
АЭС салынса, мына салаларға ықпал етеді:
Парникті әсерді азайтады. Мысалы, жыл сайын 1000 МВт атом электр станциясын пайдалану парниктік газдар шығарындыларын 8 миллион тоннаға азайтады.
Елдің ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін өсіреді. Генерацияның жаңа технологияларын енгізу атом энергетикасы саласына ғылыми кадрлардың жаңа буынын қалыптасыруды және жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді.
Өнеркәсіпті дамытып және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттырады.
Экономикалық даму. АЭС құрылысы экономикалық өсуді және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді. Атом электр стансасын салу кезіндегі 1 жұмыс орны сабақтас салаларда 10-нан аса жұмыс орнын ашады.
Білім беруді, жобалауды, жоғары технологиялық және білімді қажет ететін технологияларды, сабақтас салаларды: машина жасау, металлургия, аспап жасау және т.б. дамытады.
Жарақат алу деңгейін төмендетеді. Дүние жүзіндегі жинақталған деректерге сәйкес, атом энергетикасы өнеркәсібінде апат болу ықтималдылығы ең төмен пайызға ие.
Генерацияның тиімділігін арттыру. 4%-ға дейін байытылған, генерациялау кезінде пайдаланылатын 1 килограмм уранның энергетикалық құрамы толығымен жанған кезде шамамен 100 тонна жоғары сапалы көмірді немесе 60 тонна мұнайды жағумен тең энергия бөледі.
Ел тұтынушыларын 60 жылдан аса сенімді энергиямен қамтамасыз етеді.
АЭС орналасқан ауданның инфрақұрылымын дамыту. Негізгі нысан жолдар, темір жолдар, мектеп, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салуды ықпал етеді.
Уран өнімдерін өндіру үшін өзіміздің уран кен орындарының ресурстық және өндірістік базасының әлеуетін ұтымды және кешенді пайдалану.
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану. АЭС көп көлемде жер талап етпейді. Салыстырмалы түрде қарасақ: түрлі энергия көздері 1000МВт электр энергиясын өндіру үшін әртүрлі алаңдарды қажет етеді. Мәселен, жел электр станциясы – 60 000 га, күн электр станциясы – 15 000 га, су электр станциясы – 400 000 га, ал, АЭС-ке осынша мөлшерде қуат көзін өндіру үшін бар болғаны 400 га жер қажет.