Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған

 
«Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынып, қайта жаңартылды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 98,9%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген: қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл тұрғындарының 97,8%-ына сапалы ауызсу қолжетімді.
(Анықтама үшін: 2020 жылы ауыз сумен 93,8% азамат қамтылды, 2021 жылы – 95,6% , 2022 жылы – 96,5% , 2023 жылы – 97,8%).
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты. 
Еліміздің 9 облысы: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 23 жобаны іске асыру басталды. 
Барлық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 420 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсарту үшін 2100 шақырымнан астам су құбыры салынады. 162 мың тұрғыны бар 67 елді мекен орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. 
2024 жылы ауызсудың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету үшін 241 су құбыры тексерілді. Оның 209-ы ауылдық жерде, 24-і қалаларда, 8–і топтық су құбырлары. Анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 44 нұсқама берілді. Жалпы алғанда, еліміздің су құбырларынан алынған 66 мыңнан астам сынама зерттелді. 
«Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет»,- деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Мекеме еліміздегі су тапшылығы бар өңірлерде жерасты су ресурстарын игеру және пайдалану үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүзеге асырады. Республиканың батысындағы елді мекендерді жерасты көздерінен ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. 
Болжам бойынша, Қазақстандағы жерасты суларының қоры шамамен 40 млрд текше метр, оның 15 млрд текше метрі пайдалануға дайын. Елімізде жыл сайын ауызсу қажеттілігі үшін 1,2 млрд текше метр су жұмсалатынын айта кеткен жөн. 
Жерүсті суларының көлемін ұлғайту үшін 2030 жылға қарай жалпы көлемі 2,6 млрд текше метр су жинай алатын 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр.  
«Біз қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет. Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар»,- деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында су саласын цифрландыру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру және құрғақшылыққа төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу, сондай-ақ ірі елді мекендерде тазартылған сарқынды суды қайта пайдалану бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық бекітілді. 
Су үнемдеу озық технологияларын енгізуді жеделдету аясында кәсіпорындарды өнеркәсіпте суды қайта пайдалану жүйелеріне көшуге ынталандыру бойынша іс-шаралар әзірленді.
Су кодексінің жаңа редакциясында кәсіпорындарда бес жыл мерзім ішінде суды айналымды және (немесе) қайта пайдалану жүйелеріне көшу жоспарының болуы жөніндегі талап қарастырылған. Әр облыстағы өнеркәсіп орындарында суды қайта пайдалануды ұлғайту бойынша 2030 жылға дейін модельдік жоспар әзірленді және бекітілді.
2030 жылдың соңына дейін экономика салаларындағы суды қайта пайдалану үлесін 17%-дан 28%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тұрмыстық жағдайда су үнемдеу бойынша Әдістемелік нұсқаулық бекітілді, құжат крандардағы ақауды уақытылы жою, аэрациялық кранды пайдалану, екі түймелі су ағызу цистерналарын қолдану, автоматты сенсорлық су араластырғыштарды орнату, кір жуатын машинаны толық жүктеме кезінде ғана қосу және т.б. іс-шараларды қамтиды.
2024 жылы еліміздің 6 өңірінде жеке тұлғалар үшін ауызсуды тарифтеу тәртібі қайта қаралды. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді(айына 3 м3 артық су тұтынған жағдайда, нормадан асып кеткен су көлемі үшін тариф жоғарылайды).
Бұл шара 6 өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында айына орта есеппен 1,65 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берді. Тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілгенге дейін барлық 6 өңір бойынша ауызсуды тұтынудың орташа көлемі 21,1 млн текше метр еді, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 19,5 млн текше метрге дейін төмендеді. 
Су шаруашылығы инфрақұрылымын толық жаңғырту, суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу, суды есепке алу жүйесін цифрландыру, халық пен кәсіпорындар арасында суды үнемдеу мәдениетін дамыту Қазақстан халқын жоғары сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Робот сот орындаушысы ақмолалықтарды ТЖК айыппұлының қосымша 25% төлеуден босатады

Еліміз бойынша E-ZanKomegi заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе арқылы азаматтар кез келген құқықтық сұрақтарына онлайн режимде жауап ала алады. Сондай-ақ, «Е-нотариат» атты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Осы және өзге де цифрлық реформалар туралы Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы Баукен Алмеш Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

E-ZanKomegi азаматтардың екі мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшісінің білікті заң көмегіне қолжетімділігін жеңілдетеді. «Е-нотариат» жүйесі арқылы мүліктік өкімдерді қоспағанда, ерлі-зайыптылардың барлық сенімхаттары мен келісімдерін бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

«EgovMobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде қызмет нәтижелері тәулігіне 24 сағат қолжетімді. Өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылады, ал клиенттерді биометриялық сәйкестендіру арқылы дербес мәліметтер қорғалады. Осы мүмкіндіктердің арқасында ақмолалықтар нотариусқа бармай-ақ алты мыңға жуық сенімхат пен 1300 жұбайлық келісім рәсімдеді.

Құқықтық қызмет көрсету саласындағы тағы бір жаңалық – «Робот сот орындаушысының» енгізілуі.

«Егер 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл уақытында төленбесе, уәкілетті орган деректерді автоматты түрде роботқа жібереді. Ол сот ісін қозғайды, әрі бұл процесс жеке сот орындаушысының қатысуынсыз жүзеге асады. Осыдан кейін азаматтарға 1414 нөмірінен SMS және EgovMobile қосымшасында push-хабарлама келеді. Бұл жаңашылдық азаматтарды айыппұлдың 25%-дық қосымша төлемінен және сот орындаушыға барудан босатады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимде орындалады», – деп түсіндірді Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы.

Жүйе іске қосылғаннан бері 16 999 жеңілдетілген атқарушылық іс жүргізу қозғалған. Осылайша, Ақмола облысының тұрғындары 81 985 367 теңге үнемдеді. Жаңа өзгерістер қатарында. «Айтеке» атты жасанды интеллект көмекшісінің іске қосылуы – чат-бот қарапайым құқықтық кеңестер беріп, құжаттарды жинауға көмектеседі.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін екі мыңға жуық «Құқық кабинеттері» жұмысын жалғастырады. Бұл – смартфон немесе басқа гаджеттерді пайдалану қиындық тудыратын азаматтар үшін дәстүрлі түрде заңгерлік көмек алу мүмкіндігін сақтап қалуға арналған бастама.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Робот судебный исполнитель освободит акмолинцев от допоплаты 25% штрафа ЧСИ

По всей стране запущена единая информационная система юридической помощи E-ZanKomegi. В онлайн режиме можно получить ответы на любые правовые вопросы. Функционирует также единая нотариальная информационная система «Е-нотариат». Об этих и других цифровых реформах на площадке Региональной службы коммуникаций рассказал руководитель департамента юстиции Акмолинской области Баукен Алмеш.

E-ZanKomegi обеспечивает и упрощает доступ граждан к квалифицированной юридической помощи от двух тысяч адвокатов и юрконсультантов. «Е-нотариат», в свою очередь, предоставляет возможность выдачи всех доверенностей и согласий супругов, за исключением распоряжений имущества в онлайн-режиме через видео-звонок.

«Для защиты персональных данных применяется биометрическая идентификация клиентов, при подписании заявлений используется сервис QR-подписание. Результаты услуг доступны в сервисе «Цифровые документы» EgovMobile в круглосуточном режиме. Благодаря этой услуге акмолинцы смогли оформить около шести тысяч доверенностей и 1300 тысяч согласий супругов, не посещая нотариуса», — рассказал Баукен Алмеш.

Еще одно ноу-хау в сфере правовых услуг — внедрение «Робота судебного исполнителя».

«В случае несвоевременной уплаты административных штрафов до 20 МРП уполномоченный орган передает сведения роботу, который возбуждает производство без участия ЧСИ. После возбуждения производства граждане получают СМС-сообщения от 1414 и push-уведомления в EGovMobile с детальной информацией о деле. Тем самым граждане освобождены от дополнительной оплаты 25% от суммы штрафа и визитов к судебным исполнителям, так как все действия производятся онлайн», — объяснил руководитель департамента юстиции Акмолинской области.

С момента запуска цифрового судебного исполнителя возбудили уже 16 999 упрощенных исполнительных производств. Так, жители пристоличного региона сэкономили 81 985 367 тенге.

«В 2025 году планируется улучшить работу органов юстиции, чтобы сделать жизнь людей проще и удобнее в цифровую эпоху, а также сэкономить время и деньги. Основные изменения: внедрение ИИ-помощника «Айтеке» – чат-бот для простых юридических консультаций и помощи в сборе документов. Планируется и расширить список услуг от робота-судебного исполнителя», — заключил глава регионального ведомства.

Стоит отметить, что для сельчан продолжают работать порядка двух тысяч «Кабинетов права». Потому жители, испытывающие трудности в работе с гаджетами, могут продолжать получать услуги, что называется «по старинке».

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

 «Халықтың құқықтық сауатын дәйекті түрде арттырып, қоғам санасына адами құндылықтарды сіңірген жөн. Әрбір азамат өз сөзі мен әрекетіне заң тұрғысынан есеп беруі тиіс», – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Әділет министрлігі тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірлерінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т. б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.
«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам.», – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.
Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.
Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.
Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.
Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда. Негізгі өзгерістер:
2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;
ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.
Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.
Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

Рубрика: Архив | Оставить комментарий

5 номер 10 февраля 2025

Рубрика: Архив | Оставить комментарий