Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді.

00:09, 16 Наурыз 2026 | GMT +5
Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді.

Фото: видеодан алынған скрин
Еуразиялық интеграция институтының мәдіметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізді.

– Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30, 20:30-да жасалды, – делінген институт мәліметінде. 

Дауыс берушілерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылды. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайыхы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Референдімға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда жаңа Ата Заңның жобасы бойынша жалпыұлттық референдум өтті.

Биыл 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды. 

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.  

Республикалық референдумда берілген бюллетеньде «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне қарағанда, Қазақстанда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73 пайыздан астамы өз таңдауын жасады.

https://kaz.inform.kz/news/brnsh-exit-poll-natizhes-referendumda-haliktin-867-i-zhana-konstitutsiyani-koldadi-afbb9d
https://kaz.inform.kz/news/brnsh-exit-poll-natizhes-referendumda-haliktin-867-i-zhana-konstitutsiyani-koldadi-afbb9d
Рубрика: Архив | Комментарии к записи Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады отключены

“Социс-А” ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

“СОЦИС-А” Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана” жеке қоры Zakon.kz тапсырысы бойынша экзитпол жүргізді.
“Социс-А” мамандары 2026 жылғы 15 наурызда ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткен күні, дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында exit poll әдістемесі арқылы азаматтардың ерік білдіруінің алдын ала нәтижелерін есептеді.

Сауалнама Қазақстан Республикасының 200 сайлау учаскесінде жүргізілді. Оған қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды:

“Сіз жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы пікір білдірдіңіз бе?”

Зерттеу нәтижелері:

Жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бергенін айтқан азаматтар – сауалнамаға қатысқан, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4%-ы.
Сайлау учаскелеріне келу деңгейі – 73,8%.
Деректердің әлеуметтанулық қателігі ±1,5%.

https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6078236-sotsisa-r-zhaa-konstitutsiyasyn-abyldau-zhnndeg-referendumday-ekzitpol-ntizhelern-zhariyalady.html
Рубрика: Архив | Комментарии к записи “Социс-А” ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады отключены

ИКСИ “Социс-А” объявил результаты экзитпола на референдуме по принятию новой Конституции РК

Частный фонд “Институт комплексных социальных исследований – Астана “Социс-А” провел экзитпол по заказу Zakon.kz.
15 марта 2026 года, в день проведения республиканского референдума по принятию новой Конституции, специалисты “Социс-А” провели предварительный подсчет результатов волеизъявления граждан по методике “exit poll” на выходе из 200 участков для голосования.

У них спрашивали о том, как они ответили на поставленный в рамках референдума вопрос: “Скажите, вы проголосовали за или против принятия новой Конституции страны?”

Результаты исследования следующие:

Заявили о том, что проголосовали “за” принятие новой Конституции 87,4% от числа опрошенных граждан, принявших участие в голосовании.
Явка на участки зафиксирована на уровне 73,8%.
Социологическая погрешность данных составляет ± 1,5%.

https://www.zakon.kz/politika/6511218-iksi-sotsisa-obyavil-rezultaty-ekzitpola-na-referendume-po-prinyatiyu-novoy-konstitutsii-rk.html
Рубрика: Архив | Комментарии к записи ИКСИ “Социс-А” объявил результаты экзитпола на референдуме по принятию новой Конституции РК отключены

В районах Акмолинской области проходят книжные и ремесленные ярмарки

В ряде районов Акмолинской области в день голосования для жителей и гостей организованы книжные и ремесленные ярмарки, а также выставки прикладного искусства. Инициатива направлена на создание праздничной и творческой атмосферы, поддержку местных мастеров и популяризацию национальной культуры.

Так, в Жаркаинском районе в городе Державинск на избирательных участках №483, 484, 485 и 486 проходят книжные и ремесленные ярмарки. Посетители могут ознакомиться с разнообразной книжной продукцией, приобрести художественную и познавательную литературу, а также изделия народных мастеров. На ярмарке представлены сувениры, декоративные изделия и различные предметы ручной работы, изготовленные местными ремесленниками.

В Буландынском районе в городе Макинск на избирательном участке №277 также организована книжная и ремесленная выставка прикладного искусства. На экспозиции представлены предметы национальной утвари, тематические картины и другие изделия, отражающие традиции и культуру казахстанского народа.

Подобные мероприятия проходят и в Атбасарском районе (г. Атбасар, ул. Агыбай батыра, 26В, участок №234), а также в Целиноградском районе — в селах Акмол, Нуресиль, Кабанбай батыра, Тасты, Родина и Софиевка. Ярмарки работают с 07:00 до 20:00 часов.

Книжные и ремесленные ярмарки создают атмосферу творчества и праздника, способствуют поддержке местных авторов и мастеров, а также дают возможность жителям приобрести уникальные и качественные изделия.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи В районах Акмолинской области проходят книжные и ремесленные ярмарки отключены

Ақмола облысында кітап және қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды

Ақмола облысының бірқатар аудандарында дауыс беру күні тұрғындар мен қонақтар үшін кітап және қолөнер жәрмеңкелері, сондай-ақ қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениетті насихаттауға және жергілікті шеберлерді қолдауға бағытталған.

Жарқайың ауданында Державинск қаласындағы №483, №484, №485 және №486 сайлау учаскелерінде кітап және қолөнер жәрмеңкелері өткізілуде. Келушілер түрлі әдебиеттермен танысып, көркем және танымдық кітаптарды сатып алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жәрмеңкеде халық шеберлерінің бұйымдары, кәдесыйлар мен жергілікті қолөнершілердің қолмен жасаған әртүрлі сәндік және тұрмыстық бұйымдары ұсынылған.

Буланды ауданында Макинск қаласындағы №277 сайлау учаскесінде де қолданбалы өнердің кітап және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттық тұрмыстық бұйымдар, тақырыптық суреттер және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін басқа да туындылар қойылған.

Осындай жәрмеңкелер Атбасар ауданында (Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 26В, №234 учаске) және Целиноград ауданында – Ақмол, Нұресіл, Қабанбай батыр, Тасты, Родина және Софиевка ауылдарында да өтуде. Іс-шаралар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Кітап және қолөнер жәрмеңкелері шығармашылық пен мәдениетті дәріптеп, жергілікті авторлар мен шеберлердің еңбегін танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындарға сапалы әрі ерекше қолөнер бұйымдарын сатып алуға жағдай жасайды.

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Ақмола облысында кітап және қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды отключены