Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс»

«Тағы бір мәселе. Ғылымның әлеуетін ел игілігіне жарата білу қажет. Ғалымдарымыз ашқан жаңалықтар зертханалар аясында қалып қоймауы керек.

Нақты нәтиже беретін, өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру қажет. Бір сөзбен, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс. Бұл мақсат Үкіметтің ұдайы назарында болуы керек, себебі осы міндеттің еліміз үшін мән-мағынасы ерекше.

Сонымен қатар бұл – әлемдегі ең үздік компаниялардың берік ұстанымы, бұлжымас қағидасы. Жаһандық деңгейдегі ірі технологиялық корпорациялар бірінші кезекте білім мен ғылымға басымдық береді, ғылыми жаңалықтарды өндіріске жедел енгізеді.

Таланттарды қызметке тарту жағынан да бұл компаниялар көш бастап тұр. Адам капиталы олардың негізгі күш-қуаты саналады. Технология мен инновация – дамудың ең басты әрі баламасыз шарты. Мұны ХХІ ғасырдың үздік компаниялары дәлелдеп отыр».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс» отключены

Президент напомнил об общей ответственности государства и родителей за воспитание интеллектуальной и просвещенной молодежи

«Поддерживая науку и отдавая дань уважения ученым, мы утверждаем в обществе такие ценности, как трудолюбие, любовь к знаниям, созидательность.

Если нашему народу будет присущ передовой образ мышления, это неизбежно пробудит в подрастающем поколении интерес к научному поиску и образованию. Воспитание интеллектуальной и просвещенной молодежи – это наш общий долг, за исполнение которого в равной мере ответственны и государство, и родители.

В прошлом году я подписал закон о создании единой накопительной системы «Келешек». Данная программа позволит родителям формировать целевые накопления на получение детьми качественного образования.

На сегодня уже около 200 тысяч граждан открыли специальные счета. Безусловно, это самые дальновидные инвестиции в будущее».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент напомнил об общей ответственности государства и родителей за воспитание интеллектуальной и просвещенной молодежи отключены

Президент зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты

«Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету, бұл – ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз.

Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу – баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты.

Мен былтыр «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы тиісті Заңға қол қойдым. Бұл жүйе арқылы ата-аналар баласының болашақта сапалы білім алуына қаражат жинай алады.

Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Президент зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты отключены

Касым-Жомарт Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

«Как вам известно, в Казахстане 15 марта состоялся исторический по своему значению референдум, на котором подавляющим большинством граждан принята новая Конституция, призванная укрепить фундаментальные основы нашего государства, вывести страну на траекторию устойчивого развития во всех сферах, включая науку.

В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций.

Это значит, что всесторонняя поддержка указанных сфер приобретает стратегическое значение и, что критически важно, теперь развитие данных отраслей стало конституционной обязанностью государства.

Пользуясь возможностью, хочу выразить признательность всему научно-академическому сообществу за деятельный вклад в разработку и принятие Конституции.

Согласно переходным положениям, новая Конституция вступит в силу 1 июля 2026 года. К этому времени все основные законы должны быть приведены в соответствие с нормами Конституции.

Парламент уже приступил к большой законотворческой работе в этом направлении. Ожидаю от депутатов качественного и оперативного рассмотрения законопроектов».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Касым-Жомарт Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций» отключены

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді»

«Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда 15 наурыз күні тарихи мәні зор референдум өтті. Азаматтардың басым бөлігінің қолдауымен мемлекетіміздің іргесін нығайтатын, елді барлық салада, соның ішінде ғылымда орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституция қабылданды.

Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді. Яғни аталған салаларды жан-жақты қолдауға стратегиялық маңыз берілді. Ең бастысы, бұл бағыттарды дамыту мемлекеттің конституциялық міндетіне айналды.

Орайлы сәтті пайдалана отырып, Конституцияны әзірлеуге және қабылдауға айтарлықтай үлес қосқан барша ғылыми-академиялық қауымдастыққа ризашылығымды білдіремін.

Өтпелі ережелерге сай, жаңа Ата заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Сол уақытқа дейін негізгі заңдардың барлығы Конституция нормаларына сәйкестендірілуге тиіс.

Бұл бағытта Парламент ауқымды заң шығару жұмысына кірісті. Депутаттар заң жобаларын мұқият әрі жедел қарастырады деп сенемін».

t.me/aqorda_resmi

Рубрика: Архив | Комментарии к записи Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді» отключены